«Сәби» Қайырымдылық Қоры Атырау қаласында бесінші жоғары технологиялық Шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесін ашты. Бұл…
Институтты осыдан 10 жыл бұрын «Сәби» қорының президенті Әсел Тасмағамбетова негізін қалаған, ол қоршаған ортаны бақылау және экологияны зерттеумен айналысады.
Қасым-Жомарт Тоқаев институт ұжымының Каспий итбалығының популяциясын сақтауға бағытталған жұмысын ерекше атап өтіп, эндемиктерді қорғау мәселесін жеке бақылауына алу туралы Қазақстан экологиясы үшін маңызды шешім қабылдады.
2019 жылы институт «Сәби» қорымен бірлесіп, Ақтау қаласында Солтүстік Каспийдегі Каспий итбалығын зерттеу және қалпына келтіру жөніндегі жалғыз орталықты ашты.
Институт пен «Сәби» қоры эндемиялық популяцияның азаю проблемасын зерттеуді сонау 2017 жылы бастады. Әсел Тасмағамбетованың жетекшілігімен 5 халықаралық экспедиция ұйымдастырылды, олардың деректері эндемиканы 2020 жылы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізуге негіз болды.
Орталық жұмысы барысында Қазақстанда алғаш рет Каспий итбалығын емдеу хаттамалары әзірленіп, қазірдің өзінде 40-тан астам итбалық құтқарылды.
Президент Орталықтың жұмысын жоғары бағалап, Каспий итбалығының санының азаю себептерін зерттеп, осы бағытта іргелі зерттеулер жүргізу қажеттігін атап өтті.
«Сәби» қоры мен институт ұжымы Қасым-Жомарт Кемелұлына Орталық Азия экологиялық зерттеулер институты ғалымдарының қызметіне жоғары көңіл бөлгені және Каспий итбалығын қорғау мәселесін өз деңгейінде Президенттік жеке бақылауында болатыны туралы шешім қабылдағаны үшін алғыс айтамыз.
«Сәби» Қайырымдылық Қоры Атырау қаласында бесінші жоғары технологиялық Шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесін ашты. Бұл…
«Сәби» Қоры көп жылдар бойы өз тарихын жоғары деңгейде қайырымдылық шараларын өткізіп келеді. Біз 2008 жылдан бастап…
Бүгін Алматы қаласында І республикалық балалар мен жасөспірімдер «Домбыра-Дастан» атты домбырашылар…