«Мейірімді бол» акциясының қорытындысы

«Qara» студиясы мен «Сәби» қорының «Мейірімді бол» қайырымдылық акциясына атсалысқан барша жандарға алғысымызды білдіреміз.

Акция нәтижесінде жиналған қаражаттың жалпы сомасы 6 139 000 теңгені құрады, оның 4 089 000 теңгесі концертке билеттерді сатудан, 1 700 000 - аукционның арқасында, оның лоттарына Ғалымжан Молданазардың эксклюзивті үкулелесі және Қазақстандық музыка топтамасы бар Oyu брендінің ән жинағы кірді, ал 350 000 теңгені жанашырлар QR код арқылы Қордың шотына жіберді.

Түскен қаражаттың 100  % Ақтөбе қаласындағы «Мейірім» жастарды әлеуметтік бейімдеу орталығының ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастарға көмек көрсетуге бағытталады.

Біз Qara студиясына және оның бас продюсері Еркебұлан Күрішбаевқа, музыкант Ғалымжан Молданазарға, блогер Әлішер Елікбаевқа, «Qarangyda» бейнебаянының директоры Әділет Әбішке, сондай-ақ қаражат жинау жобамызды қолдаған Қордың барлық меценаттарына, демеушілеріне және достарына үлкен алғысымызды білдіреміз.

Жасаған жақсылықтарыңыз бен қолдауларыңызға  рахмет!

07.03.2024
24.06.2024
Су тасқыны кезінде зардап…

2002 жылы қазақстандық кәсіпкер Кеңес Рақышев және эколог Әсел Тасмағамбетова құрған «Сәби» қайырымдылық қоры су…

Қайырымдылық шаралары
17.06.2024
«Мейірімді бол»…

«Мейірім» жастарды әлеуметтік бейімдеу орталығында кәсіби музыкалық студия ашылды. Оның ашылуына ағымдағы жылдың…

Қайырымдылық шаралары
27.02.2024
«Мейірімді бол»…

Бүгін Алматыда Qara шығармашылық бірлестігі «Сәби» қорымен бірлесіп ұйымдастырған «Мейірімді бол» қайырымдылық…

Қайырымдылық шаралары