«Мейірімді бол» қайырымдылық шарасының қорытындысы

«Мейірім» жастарды әлеуметтік бейімдеу орталығында кәсіби музыкалық студия ашылды. Оның ашылуына ағымдағы жылдың ақпан айында өткен «Мейірімді бол» қайырымдылық науқаны себеп болды. Іс-шараны «Сәби» қоры «Qara» шығармашылық бірлестігімен ұйымдасып, «Мейірім» орталығындағы балалардың дамуы мен әлеуметтік бейімделуіне қолдау көрсетуге қаражат тарту мақсатында ұйымдастырды.

Кеште Moldanazar-дың  «QARANGYDA» атты бейнеклипінің премьерасы өтті. Әннің авторы ата-анасының сүйіспеншілігі мен қамқорлығынсыз өскен балалардың сезімдері мен эмоцияларын сипаттайды. Келесі ретте, кеш қонақтарына «Мейірім» орталығының тәрбиеленушілерінің  және «Жасөспірімдер» жобасының қатысушыларының өмірлік хикаяларын баяндайтын және олардың өмір сүру сапасын жақсартуда біздің жобаларымыз қандай рөл атқарғаны туралы «Сәби»  қорының фильмі көрсетілді. Қайырымдылық кеш танымал қазақстандық Tynyq, Kunzharyq , Qonyratbay fam, Orynkhan және Moldanazar атты музыкалық топтардың қойылымдарымен жалғасты.

Кеш қонақтары тамаша музыка мен әртістердің қойылымдарын тамашалап қана қоймай,  QR код арқылы Қордың шотына қаражат жіберіп қайырымдылық шараға атсалысып отырды. Және де, қаражаттың  едәуір бөлігі концерт билеттерінің сатылымынан құралды. Сонымен қатар, шара барысында қорды қолдау мақсатында аукцион өтті. Лоттарға OYU брендінің эксклюзивті жазбасы мен Ғалымжан Молданазардың өзінің әйгілі «Ozin Gana» әнін жазған укулелесі ұсынылды.

Қайырымдылық шараның қорытындысы бойынша 6 139 000 теңге жиналды.  Жиналған барлық қаражат «Мейірім» жастарды әлеуметтік бейімдеу орталығының қажеттіліктеріне берілді. «Мейірім» орталығы 2017 жылы «Сәби» қорының толық қаржыландыруымен іргесі қаланып, сыйға тартылды. Орталық 16-29 жас аралығындағы балалар үйінің түлектері баспаналы болғанша мекендеуіне мүмкіндік береді. Нәтижесінде, балалар үйінен шыққаннан кейін бұрынғы тәрбиеленушілер ұзақ уақыт бойы тұрақты әлеуметтік жағдайда болады және қарапайым өмірге ауыртпалықсыз бейімделе алады.

Тәрбиенушілер арасында музыкамен айналысатын көптеген жастар бар. Әсіресе, аталған кештен кейін Ғалымжан Молданазардың назары мен шығармашылығынан ерекше шабыт алып, олар музыкамен тереңірек айналысуды ұйғарды. Орталық жастарының шығармашылыққа деген аса қызығушылығын байқап, барлық қажетті жабдықтары бар (синтезатор, проектор, интерактивті панель, гитаралар, домбыралар, микрофондар, колонкалар және т.б.). музыкалық студия ашу идеясы пайда болды. Бұл бастама оларға шығармашылық өмірге жол ашады деп үміттенеміз

Сонымен қатар, балалар көптеген спорт түрлерімен айналысады. Олар, әсіресе кёрлинг, футбол және баскетбол спорттық ойындарын ұнатады. Түрлі чемпионаттарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді. Тәрбиеленушілердің спортқа деген қызығушылығын қолдау мақсатында біз қаражаттың бір бөлігін спорттық жабдықтар сатып алуға жұмсадық. Бұл жастарды жаңа белестерді бағындыруға шабыттандырады деп сенеміз.

Сондай-ақ, ақшаның бір бөлігі тұрмыстық және компьютерлік техникалар сатып алуға жұмсалды. «Мейірім» орталығында тұратын балалардың күнделікті жағдайлары мен өмір сүру сапасын жақсарту – біздің күн тәртібіміздегі тұрақты міндеттердің бірі.

Біздің аталған науқанымызға белсене қатысып, қолдау білдірген барлық қатысушыларымызға "Мейірім"орталығының тәрбиеленушілеріне берілген жаңа мүмкіндіктер үшін алғысымызды білдіреміз!

17.06.2024
24.06.2024
Су тасқыны кезінде зардап…

2002 жылы қазақстандық кәсіпкер Кеңес Рақышев және эколог Әсел Тасмағамбетова құрған «Сәби» қайырымдылық қоры су…

Қайырымдылық шаралары
15.03.2024
«Мейірімді бол»…

«Qara» студиясы мен «Сәби» қорының «Мейірімді бол» қайырымдылық акциясына атсалысқан барша жандарға…

Қайырымдылық шаралары
27.02.2024
«Мейірімді бол»…

Бүгін Алматыда Qara шығармашылық бірлестігі «Сәби» қорымен бірлесіп ұйымдастырған «Мейірімді бол» қайырымдылық…

Қайырымдылық шаралары