Жақсы жаңалықты бөлісуге асықпыз!Ақмола облыстық №2 ауруханасында жаңа акушерлік операциялық үстел орнатылды. Ал мамыр…
Алматы қаласында орналасқан Балалар жұқпалы ауруларды емдеу емханасының басшыларынан келіп түскен балаларға арналған жиһаз алып беру туралы өтінішін «Сәби» Қоры аса құштарлықпен қабылдады. Балдырғандар тамақтанатын және сонымен қатар ой-өрісті дамыту ойындарымен айналысуға арналған түрлі-түсті үстелдер мен орындықтар арнайы тапсырыс бойынша дайындалды. Ауруханада бос орынның тапшылығына байланысты осылай екі іс қатарымен қолданатын болды.
Жиһаздан басқа, мекемеге тағы компьютерлі техника және сәбилерді өлшейтін таразы сыйға тартылды.
«Сәби» Қорына демеушілерден келіп түсетін қаржылар тек бекітілген жобаларға ғана бөлінетіндіктен, осындай бір жолдық шаралар көп жасалмайды. Ал аталған сыйлықтарды сатып алу үшін, QIWI төлем терминалдары арқылы сіздерден келіп түскен қаражаттары жұмсалды. Осылай, достар, аз-аздан жинап үлкен істі бірге атқардық.
Шын жүректен алғысымызды білдіреміз!
P.S.Осы шараның жалғасы ретінде біздің Қордың серіктестерінің бірі аталған мекемеге қатты қажет етілген жұмсақ төсектер сыйлады.
Жақсы жаңалықты бөлісуге асықпыз!Ақмола облыстық №2 ауруханасында жаңа акушерлік операциялық үстел орнатылды. Ал мамыр…
Бір жыл бұрын №02 Ақмола облыстық ауруханасы керекті медициналық жабдықтарды сатып алуға көмек сұрап «Сәби» Қорына хат…
«Сәби» Қорымен № 2 Ақмола облыстық ауруханасына алдында тапсырыс берген медициналық жабдықтар келіп түсті. Аталған…