Атырау облысының балаларына интерактивті панельдер сыйға берілді Биылғы су тасқыны Қазақстан тарихындағы ең жойқын…
«Сәби» қайырымдылық қоры қазақстандық жас кәсіпкерлерді қолдаудың IX жыл сайынғы «Өз ісіңді баста» байқауының басталғаны туралы хабарлайды. Байқау «Сәби» қорының президенті Әсел Тасмағамбетованың басшылығымен, белгілі қазақстандық кәсіпкерлер мен меценаттар Кеңес Рақышев пен Вячеслав Кимнің қолдауымен өткізіледі. Білім беру және тәлімгерлік қолдауды тұрақты серіктестеріміз британдық Ernst&Young аудиторлық-консалтингтік компаниясы және Microsoft трансұлттық компаниясы ұсынады.
Бүкіл Қазақстан бойынша жас кәсіпкерлердің 10 000$-дан 100 000$-ға дейінгі өтеусіз гранттардың көмегімен жаңа кәсіп бастауға немесе бар кәсіпті нығайтуға мүмкіндігі бар. Байқаудың алғашқы 8 жылында «Сәби» қоры мен меценаттар ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге жалпы сомасы 2 млн долларға жуық 70-тен астам грант берді. Бүгінгі таңда қордың қолдауымен ҚР түрлі өңірлерінде шағын және орта кәсіптің түрлі салаларында жобалар іске асырылуда. Байқаудың табысты түлектерінің арасында Сerebra, Qazaq Republic, MedData.ai, Sheberkhana, «Нұрлаб», Aquapoint, Dariya, Tazalyk, Kidslab, Oiko және т. Б. компаниялар бар.
Байқаудың жүлде қоры биыл 200 000$ құрайды.
- «Сәби» қоры 20 жыл ішінде көптеген авторлық әлеуметтік бастамалар сәтті іске асқан ресурстық орталыққа айналды. Сондықтан да бұл байқау қор алаңында өткізіледі, өйткені бұл нағыз қайырымдылық жобасы, - дейді Әсел Тасмағамбетова, - жеңімпаздар гранттарды өтеусіз алады, біз олардан пайыз алмаймыз, бизнестің бір бөлігін алмаймыз. Біздің жалғыз тілегіміз – жас кәсіпкерлерге аяққа тұрып, бизнесте алғашқы қадамдарын жасауға көмектесу. Біздің көмегіміз көпвекторлы сипатқа ие, өйткені қаржылық қолдаудан бөлек финалист-жобалардың көпшілігі қордан өнімдер мен қызметтерге, маркетингтік қолдауға, жеңілдікпен жалға алуға және т.б. алғашқы тапсырыстарын алады. Өз тарапымыздан біз «Өз ісіңді баста» байқауы өз дамуын жалғастыруы үшін бар күшімізді саламыз және бизнес-қоғамдастықтың ірі өкілдерімен серіктестікте еліміздің жастары үшін қандай да бір "әлеуметтік лифт" рөлін атқарамыз".
«Өз ісіңді баста» бағдарламасына қатысу үшін өз жобаңыз туралы бір минуттық бейнеролик түсіріп, оны әлеуметтік желілерде жариялап, www.entrepreneur.saby.kz сайттында өтініш беру қажет. Өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 20 желтоқсанға дейін жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысу шарттарымен толығырақ entrepreneur.saby.kz сайтында танысуға болады.
Өзіңізге сеніңіз және қатысуға өтініш беріңіз!
Атырау облысының балаларына интерактивті панельдер сыйға берілді Биылғы су тасқыны Қазақстан тарихындағы ең жойқын…
Әсел Тасмағамбетова мен Кеңес Рақышевтің "Сәби" қайырымдылық қоры Астана қаласына дарынды балаларға арналған мектеп…
Бүгін біз сіздермен Семей қаласының шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесіне арнап "Сәби" қоры сатып алған жаңа…