Қордың атаулы көмегі туралы жаңалықтармен бөліскіміз келеді. Біздің Қорға қамқоршылық танытқан адамдардың шағын болса да,…
Коронавирустық пандемияға қарсы жалпы күрес аясында басқа барлық аурулар артта қалған сияқты. Олар еш жерде жоғалып кеткен жоқ, бірақ әртүрлі аурулары бар науқастарға көрсетілетін көмек көлемі айтарлықтай төмендеді. Бұл мүмкіндігі шектеулі балаларға да қатысты.
Карантин кезінде бізге церебралды сал ауруы бар балаларды тәрбиелеп отырған үш отбасы жүгінді. Қарағандылық төрт жасар Жанылға вертикализатор қажет болды, ал Талдықорғандық алты жасар Жансая мен Алматылық он алты жасар Аслан шынымен жақсы арбаларға мұқтаж болды.
Біздің қор қамқор адамдардан үнемі алып тұратын қайырымдылықтардың арқасында біз оларға көмектесе алдық. Біз ортопедиялық түзетуге арналған қалпына келтіру вертикализаторын, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларға ыңғайлы пайдалану үшін барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған заманауи, жайлы Umbrella New коляскасын және Ortonica Delux мүгедектер арбасын сатып алдық.
Осы қиын-қыстау сәтте біздің қорға ақшасын сеніп тапсырған адамдарға алғысымызды білдіреміз. Сіздің көмегіңізбен мұқтаж адамдар тіпті пандемия кезінде де қолдаусыз қалмайды.
Қордың атаулы көмегі туралы жаңалықтармен бөліскіміз келеді. Біздің Қорға қамқоршылық танытқан адамдардың шағын болса да,…
«Сәби» қорының биылғы жылы атаулы көмекке жұмсаған жалпы сомасы 5 039 010 теңгені құрады. Қорымыздың барлық достарына,…
Біздің Қорға үнемі қайырымдылық жасап жүрген барлық жанашырлағы тағы да алғыс айтқымыз келеді. Сіздердің көмектеріңізбен…