Достар, біз сіздердің қолдауларыңыз бен қамқорлықтарыңыздың арқасында көрсеткен атаулы көмек туралы есеппен бөліскіміз…
"Сәби" Қоры өзінің медициналық жобасы шеңберінде Түркістан қаласындағы "Үміт ұясы" оңалту орталығына арнап бірегей технологиялық жабдық – Экзороллерді сыйға тартты
Аталған орталық қызметінің негізгі бағыты психоневрологиялық ауытқулары және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларды кешенді оңалту болып табылады. Экзороллер өздігінен қозғала алмайтын науқастарға жүру рефлексін сақтауға мүмкіндік беретін таптырмас құрал. Осы құралмен жаттығу барысында балалар қимыл-қозғалыстарын дұрыс үйлестіруге, омыртқасының күші мен икемділігін дамытуға, психоэмоционалды жағдайын жақсартуға мүмкіндік алады.
Бұл жабдықты өз уақытында біздің "Өз бизнесіңді баста" конкурсына қатысқан отандық MBionics компаниясы дайындағанын атап өткіміз келеді. Осы бағдарлама шеңберінде Қазақстанның жас кәсіпкерлері он жыл бойы "Сәби" қорынан жаңа бизнесті ашуға немесе қолданыстағы бизнесті дамытуға өтеусіз қаржылық қолдау алған болатын. MBionics жеңімпаздар қатарынан табылмаса да, жоба барысында өзін болашағы жарқын және әлеуметтік жауапты компания ретінде көрсетті. Қазақстандық жас кәсіпкерлердің экономиканың қозғаушы күшіне айнала отырып, өздерінің бизнес-идеяларын іске асырып жатқанын көру біз үшін үлкен қуаныш. Ал біздің Қор өз кезегінде "Өз бизнесіңді баста" конкурсы аяқталғаннан кейін де қатысушыларды қолдап отыруға тырысады.
Mbionics шығарған және біз қаржыландырған экзороллер орталықтың оңалту бағдарламасына маңызды қосымша болады және балалардың денсаулығын нығайтуға көмектеседі деп үміттенеміз.
Достар, біз сіздердің қолдауларыңыз бен қамқорлықтарыңыздың арқасында көрсеткен атаулы көмек туралы есеппен бөліскіміз…
Негізгі жобалар мен мақсаттардан бөлек, біздің Қор өмірлік қиын жағдайға тап болған - ауыр сырқаттар мен мүгедектікке…
Сіздерге «Сәби» қорының 2023 жылы көрсетілген атаулы көмек туралы есебін ұсынамыз. Осы жылы Қорға компаниялар мен жеке…