«Өз ісіңді баста» байқауының жаңалықтары

Біз «Өз ісіңді баста» байқауына қатысушылардың жетістігіне әрқашан қуаныштымыз, өйткені бұл біздің жүздеген үміткерлер арасынан ең лайықтысын дұрыс таңдағанымыздың көрсеткіші.

Байқаудың жеңімпаздарының бірі -  Гүлнұр Құтыбаева өзінің «Нұрлаб» жобасымен жақсы мысал көрсетіп отыр. Гүлнұр өткен жылы Алматыда комиссия мүшелерінің алдында қорғаған жобасы -  көпфункционалды зертхананың ашылуына бардық. Зертхана заманауи жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған және зерттеулердің ең кең ауқымын орындайды.

50 000 доллар грантқа микроорганизмдердің 450-ден астам түрін анықтап, бір уақытта 30 талдау жүргізетін автоматтандырылған бактериологиялық анализатор сатып алынды. Құрылғы зертхананың жоғары тиімділігін қамтамасыз етеді, қолмен манипуляциялау уақытын қысқартады, зерттеу нәтижелерін шығару процедурасын жылдамдатады, сонымен қатар ақпаратты қолмен енгізуді болдырмайтын ЛИС-бағдарламасымен үйлесімді.

Біз Гүлнұрды шын жүректен құттықтап, кәсібіне табыс тілейміз.

«Өз ісіңді баста» байқауы «Сәби» қорының қайырымдылық бағдарламаларының ішінде ерекше мәртебеге ие. 8 жыл ішінде Қор 71 бизнес-жобаға қолдау көрсетіп, оларды жалпы сомасы 1 910 000 АҚШ долларына қаржыландырды. Соның арқасында қазақстандық бір топ жас кәсіпкерлер пайда болып, кейін аяғынан нық тұрды.

Байқаудың жоғары беделі мен жұрт арасында танылуы оның беделін көтерді. Осыған байланысты біз жобамыздың жоғары мәртебесін заңды түрде қамтамасыз ету үшін біз «Өз ісіңді баста» сауда белгісін ресми түрде тіркедік және конкурс тұжырымдамасын авторлық құқықпен қорғадық. Бастапқы бизнесмендер үшін осындай бизнес-конкурста жеңіске жету имидж мен маркетинг стратегиясын қалыптастыру үшін үлкен маңызға ие.

Жобаға қатысам дегендерге, біздің жаңалықтарды бақылаңыз, күзде қазақстандық жас кәсіпкерлерді қолдауға арналған кезекті байқаудың басталғанын жариялаймыз. 100 000 долларға дейінгі тегін грант ұтып алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

 

11.08.2022
20.09.2024
Атырау облысының…

Атырау облысының балаларына интерактивті панельдер сыйға берілді Биылғы су тасқыны Қазақстан тарихындағы ең жойқын…

Жаңалықтар
06.09.2024
"Сәби" қайырымдылық қоры…

Әсел Тасмағамбетова мен Кеңес Рақышевтің "Сәби" қайырымдылық қоры Астана қаласына дарынды балаларға арналған мектеп…

Жаңалықтар
06.09.2024
Жаңа бронхоскоптың…

Бүгін біз сіздермен Семей қаласының шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесіне  арнап "Сәби" қоры сатып алған жаңа…

Жаңалықтар