«Медицина» жобасы

«МЕД?Ц?НА ЖОБАСЫ»

Қазақстандықтарға медициналық қызмет көрсету саласын оны бірінші кезекте балаларға арнап бағыттаумен жетілдіру

Жобаны ұйымдастырушы және орындаушы:
«Сәби» жекеменшік қайырымдылық қоры» коммерциялық емес ұйым

Жобаның мақсаты:
Ауруларды ерте бастан диагностикалауды ұйымдастыру, медицина қызметкерлерінің біліктілігін көтеру, науқастардың стционарларда болу жағдайларын жақсарту, шетелде емделу мүмкіндігін ұсыну арқылы халыққа, ең алдымен балаларға медициналық қызмет көрсету ісін жетілдіру.

Жобаны жүзеге асыру мерзімдері:
Тұрақты түрде түрде жұмыс істейтін жоба

Мәселені белгілеу:
Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесінің жағдайы – елдің даму дәрежесінің негізгі критерийлерінің бірі. «Тұрақты даму» ұғымы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің серпінімен ғана сипатталмайды, ол сонымен қатар халықтың өмірінің ұзаруын меңзейді.
Бүгінде Қазақстан медициналық қызмет көрсетудің жаңа деңгейіне шығу қажеттігін көруде. Аурулардың алдын-алу, диагностикалау мен емдеуден бастап жалпы ұлттық сауықтыру шараларына дейін.
Практикалық денсаулық сақтауға оңтайлы ұйымдық-әдістемелік формалар мен жаңа технологияларды енгізу, медицина мекемелері қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтеру, науқастардың өмір сүру сапасын жақсартуға арналған емдеу және реабилитациялау кеңістігін ұйымдастыру – Қордың «Медициналық жобаны» жүзеге асыру барысында белгілеген міндеттері осындай.

Жобаны жүзеге асыру кезеңдері:

1. Бірінші кезең. Ауруларды ерте бастан диагностикалау.

Міндетті белгілеу:
Қазіргі уақытта ауруларды ерте бастан диагностикалау мәселесі бірінші орынға шыққан. Тіпті бір қарағанда өздерінде мерзімді түрде диспансерлеуді өтуге арнап барлық жағдайлар жасалған ірі қалалардың өзінде кейінгі жиырма жыл ішінде аурудың асқынып кеткен кезеңінде медициналық көмекке жүгініп келетін пациенттердің саны едәуір көбейіп кетті. Ең алдымен бұл өзінде басты принцип – ауруды емдеу емес, оның алдын-алу болатын кезіндегі кеңес республикаларында денсаулық сақтаудың негізін құраған мерзімді алдын-ала тексерулердің тоқтатылуымен байланысты орын алуда. Қалыптасқан жағдайдың себебіне тұрғын халықтың, әсіресе ауылд тұрғындарының экономикалық жағдайының төмендеуі, олардың тиісті түрде жабдықталған мамандандырылған диагностикалау орталықтарынан алыс орналасуы, білікті медицина қызметкерлерінің тапшылығы жатады.

Шешудің жолдары:
1. Аса қауіпті ауруларды: жүрек-қан тамырлары, онкологиялық, туберкулезді ерте бастан диагностикалауға арналған жылжымалы шағын зертханаларды жабдықтау.
2. Республикамыздың шалғай жатқан және әлеуметтік тұрғыдан қолайсыз болып келетін аудандарына диагностикалық зерттеулерді жүргізу үшін білікті медицина қызметкерлерінің ілесуімен мерзімді көшпелі рейдтерді ұйымдастыру.

2. Екінші кезең. Медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру.

Міндетті белгілеу:
Қазіргі уақытта қазақстандық денсаулық сақтауды реформалау еліміздегі емдеу мекемелерінің жағдайын едәуір жақсартуға мүмкіндік берді. Жаңадан ауруханалар мен клиникалар салынды, халықаралық стандарттарға сай етіп жабдықталған, қазіргі заманғы дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген, төсек қоры көбейтілді.
Алайда бірқатар себептер, соның ішінде медицина қызметкерлерінің көптеген посткеңестік жылдар бойы әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қорғаусыз қалуы ең үздік мамандардың қазақстандық денсаулық сақтаудың жекеменшік секторына, сондай-ақ елеулі дәрежеде шетелге жылыстауына әкеп соқтырды. Дәрігерлік мамандықтардың тартымдылығының төмендеуі, орта және жоғары оқу мекемелеріндегі кәсіби даярлық деңгейінің түсуі медицинаға келіп жатқан жас мамандардың біліктілігінің төмендеуін тудырды.
Осы себептен денсаулық сақтау саласындағы жағымды беталыстар жаппай түрдегі табысты емделудің кепіліне айналмады, себебі ғылыми жетістіктерді медик-мамандардың сауатты тұрғыдағы көзқарасы арқылы ғана барынша тиімді қолдануға болады.
Мысалы, елімізде нәрестелік және аналық өлім-жітімге байланысты жағымсыз жағдай қалыптасқан. Статистика көрсетіп отырғандай, Қазақстандағы аналық өлім-жітімнің деңгейі Батыс Еуропа елдеріндегі, АҚШ, Канада мен Жапониядағы осыған сәйкес көрсеткіштен 10 есе асады.
ҚР Денсаулық сақтау министрлгінің деректері бойынша тұтастай Республика бойынша 2009 жылы нәрестелік өлім-жітім тірі туылған 1000 балаға қатысты 18,38 фактіге дейін азайды (2008 жылдағы 20,76 қарағанда), ал аналық өлім-жітім керісінше 100 000 туылған балаға қатысты 36,9 фактіге дейін көбейіп кетті (30,9 қарағанда).
Нәрестелік өлім-жітімнің көрсеткіштері еліміздің Оңтүстік аймақтарында ерекше қорқынышты болып келеді. Олардың себептеріне жағдайлардың тең жартысында – екіқабат әйелдердің денсаулық жағдайымен байланысты перинатальдік бұзылулар жатады. Қалған факторлар ең алдымен неонатолог-мамандардың шұғыл жетіспеушілігіне орай жаңа туылған нәрестелерге медициналық қызмет көрсетудің жеткіліксіздінің салдары болып табылады.
Босанушы әйелдердің арасындағы өлім-жітім жағдайларының саны бойынша Қазақстанның Батыс аймақтары көш бастап келеді. Тосын жағдайлардың үштен бір бөлігі әйелдердің өзін-өзі ұйымдастыра алмау, медиктердің босануға дейінгі тегін бақылауын пайдаланғысы келмеуінің/мүмкіндігі болмауының салдарынан орын алуда. Енді бір жағынан – бұл медицина қызметкерлерінің біліктілігі мен акушерлік көмекті ұйымдастырудың төмен деңгейі.
Аналық және нәрестелік өлім-жітімнің жоғары индексі тұтастай қоғам мен елдің дамымағандығының белгісі болып табылады.

Шешудің жолдары:
1. Босанатын әйелдерге дәрігерлік жәрдем беру және жаңа туылған нәрестелер мәселелері бойынша маманданған медицина қызметкерлерінің: неонатологтардың, акушер-гинекологтардың, сондай-ақ өзге мамандықтардың біліктілігін көтеруге бағытталған шаралар:
• ауруханалардың, клиникалардың, ҚР ҒЗ? негізінде қазақстандық медицина қызметкерлеріне арнап тренингілер мен шеберлік кластарын өткізу үшін емдеу ісінің танылған шеберлерін, соның ішінде шетелдік мамандарды қатыстыру;
• келешегінен үміт күттіретін мамандардың болашақта олардың алған білімі мен дағдыларын Қазақстанның медицина мекемелерінде қолдану мақсатында шетелде машықтану курстарын ұйымдастыру;
• медицина бағытындағы оқу мекемелерінің дарынды студенттеріне олардың мамандығына деген қызығушылығын арттыру мақсатында білім беру гранттарын, жоғары мөлшердегі стипендияларды, ұзақмерзімді займдарды және т.б. ұсыну арқылы қолдау көрсету.

3. Үшінші кезең. Облыстық, аудандық, ауылдық медицина мекемелерін жөндеу және жабдықтау.

Міндетті белгілеу:
Денсаулық сақтау жүйесіндегі қаржыландырудың жақсаруына қарамастан, ҚР емдеу мекемелерінің барлығы бірдей өз қорын жаңарту мүмкіндіне ие бола қойған жоқ. Нақтырақ айтқанда, Қазақстанды тысқары айналып кетпеген экономикалық дағдарыстың нәтижесінде облыстық емханалар мен ауруханалар медициналық техниканың, керек-жарақтың, жұмсалатын материалдардың жетіспеушілігі мәселесіне тап болды. Ғимараттарды күрделі жөндеу жұмыстары кейінге шегерілді.

Шешудің жолдары:
1. Медицна мекемелеріндегі операциялық, емдеу, реабилитациялау панажайларын олардың санитарлық-гигиеналық және эстетикалық талаптарға сай болуын қамтамасыз ету мақсатында жөндеу және жабдықтау.
2. Ауруханаларға, клиникаларға, ҒЗ?-ларға қажетті медицина жабдықтарын, керек-жарақты, жұмсалатын материалдарды, арнайы жиһазды сыйға ұсыну.
3. Балалардың оларды емдеу және реабилитациялау кезінде емдеу-алдын-алу мекемелерінде болуын жеңілдету үшін ойын бөлмелерін жабдықтау.

4. Төртінші кезең. Балалардың шетелде емделуі.

Міндетті белгілеу:
Бүгінде өздерін Қазақстанда емдеу мүмкіндігі жоқ, еліміз әлі ұсына алмай отырған жоғары технологиялы медициналық жәрдемді, диагностикалаудың ерекше күрделі әдістерін, медик-мамандардың бірегей білімі мен кәсіби даярлығын қажет ететін бірқатар аурулар, әсіресе балалар аурулары орын алуда. Бұл мәселені шешудің бірден-бір әдісі – науқас балалардың шетелде емделуіне арнап мемлекеттік квоталар ұсыну. Алайда квотаны бөлу туралы шешімге ие болу үшін баланың ата-анасы көптеген анықтамаларды жинап, көптеген инстанцияларды аралап, артынан баланы емдеу кезегін ұзақ уақыт бойы күтіп отыруға мәжбүр болады, ал ауру тым тез дамып және ақшалай қаражаттар өте шұғыл түрде қажет болатын жағдайлар болып отырады.

Шешудің жолдары:
1. Ауруханалардың, клиникалардың, ҚР ҒЗ? негізінде емдеу-диагностикалау шараларын жүргізу үшін шетелден жоғары білікті мамандарды қатыстыру;
2. Шұғыл жағдайларда – шетелде емдеуді қажет ететін балалардың ата-анасына клиникалардың есепшоттарына ақшалай қаражаттарды тікелей аудару арқылы материалдық көмек көрсету

Жобаны қаржыландыру:
Жоба «Сәби» ЖҚҚ КЕҰ-ның қайырымдылық көрсетушілерінің ерікті жарналарының есебінен қаржыландырылады.

Жобаның күтілетін нәтижелері:
Елдің тұрғын халқына, ең алдымен балаларға медициналық қызмет көрсетуді жетілдіру, ауруларды емдеудің қазіргі заманғы тәсілдерін ендірудің, дәрігерлер мен медбикелердің біліктілік деңгейін арттырудың арқасында денсаулық сақтау жүйесі жағдайының нақты көрсеткіштерін жақсарту.

МЕД?Ц?НАЛЫҚ ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ 2018 ЖЫЛДЫҢ 1 ҚАҢТАРҒА ҚАТЫСТЫ АРАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ:

Педиатрия мен балалар хирургиясының ҒЗ?
2002 жылы сыйға берілген жабдықтар:
• 12-арналы кардиофакс (Жапония);
• хирургиялық аспаптар;
• цифрлік фотоаппарат;
• жалпы және нәрестелік хирургия бөлімшесіне жиһаз, көрпелер мен перделер.
2003 жылы сыйға берілген жабдықтар:
• «Никор» электроскальпель-коагулятор;
• тоңазытқыш;
• орындықтар, жұмсақ жиһаз жиынтығы;
• Франциядан гуманитарлық көмек: кювез-төсектер, медициналық жабдық (қ/б), медициналық жиһаз және қызметкерлердің формасы, біржолғы пайдалануға арналған медициналық аспаптар.
2005 жыл – балалар хирургиясы бөлімін жабдықтау: компьютер және кеңселік техника (қб).
2006 - операциялық блок пен бөлімшелерді жабдықтау:
• 2 жоғары жиілікті электроскальпель-коагулятор (Германия);
• науқастарды қарауға арналған кушеткалар, төсектер, матрацтар және тоңазытқыш.
2009 жылы сыйға берілген жабдықтар: он-лайн режиміндегі кеңес берулерді ұйымдастыру үшін компьютер және көшірмелеу аппараты мен сканер.

Онкология мен радиология ҒЗ?
2002 жылы сыйға берілген жабдықтар: жиһаз, медициналық жабдық, керек-жарақ және дәрі-дәрмектер.
2003 жылы – балалар бөлімшесі күрделі жөндеуден өткізілді;
- ойын бөлмесіне, палаталарға арнап тоңазытқышты, жиһаз бен аксессуарларды беру;
- Франциядан келген гуманитарлық көмекті тапсыру: арнайы төсектер, матрацтар мен көрпелер, медициналық киім-кешек, біржолғы пайдалануға арналған медициналық аспаптар.
2004 жылы сыйға берілген жабдықтар:
• өкпені жасанды желдету аппараты;
• онкологиялық науқастарды емдеуге арналған қымбат дәрі;
• емделіп жатқан балалардың серуендеуіне арналған шатыры бар орындықтар;
• бөлімшенің барлық бөлмелеріне арнап шамдалдар.
2005 жылы қазіргі заманға сай компьютер сыйға тартылды.

Көз ауруларының ҒЗ?
2002 жылы сыйға берілген жабдықтар:
• арнайы медициналық аспаптардың жиынтығы және импланттар (Франция);
• 5 компьютеро (қ/б).
2003 – көз ауруларын емдеуге арнап саңылаулық шам (Германия) сыйға берілді.

№3 балалар үйі
2006 жылы сыйға берілген жабдықтар:
• үстел-орындықтар, балаларға арналған дивандар;
• 30 жаңа манеж және соларға арналған матрацтар;
• әдемі жайылма-кітаптар, ойыншықтар, ойындар;
• жөргектер мен киім-кешек.

№4 балалар үйі
2002 жылы сыйға берілген жабдықтар:
• тұрмыстық заттар (тоңазытқыш, шаңсорғыш, ет тартқыш, ас үй комбайны);
• перделер;
• арнайы балалар тағамы;
• жөргектер;
• жуғыш құралдар;
• дәрілік препараттар;
• ойыншықтар.

№3 балалар үйі ("Жанұя" мамандадырылған кешені)
2005 жылы - медициналық кабинет физио-емдеу шараларына арналған аппаратпен жабдықталды:
• ультрадыбыстық ингалятор;
• электрофорезге арналған аппарат;
• электрлік ұйқымен емдеу аппараты;
• ультрадыбыстық электр аппараты;
• УЖЖ терапия аппараты;
• тұрғылықты ультракүлгіндік сәулелендіргіш;
- жиһаз бен дәрі-дәрмектер сыйға берілді.

Алматы қ. №1 балалар клиникалық ауруханасы
2005 жылы операциялық блоктың операциялық бөлмелерінің біріне күрделі жөндеу жүргізілді;
- сатып алынып және сыйға берілген заттар:
• қос контуры бар "Fabius” наркозды-тыныс алу аппараты (Германия);
• хирургиялық көлеңкесіз жылжымалы шамдал;
• операциялық әмбебап үстел;
• жоғары жиілікті коагулятор.
2006 жылы тағы бір операциялық панажай мен соған жанасып тұрған қосымша панажайларға күрделі жөндеу жүргізілді;
- сатып алынып және сыйға берілген заттар:
• плазмофарез аппараты;
• "Fabius” өкпені жасанды желдету аппараты (Германия);
• операциялық әмбебап үстел;
• жоғары жиілікті электроскальпель-коагулятор;
• хирургиялық тұрғылықты шамдал.
2007 жылы сыйға берілген жабдықтар:
• корпустық жиһаз: қабырғалық шкафтар, үстелдер, тумбалар;
• жұмсақ жиһаз: орындықтар, тахталар;
• теледидарлар, кілемдер, жалюзи;
• үстелүсті ойындары, ойыншықтар.
• "Горное солнце" лагеріне медицина қызметкерлерінің балаларына арналған жолдамалар.

Алматы қ. №2 балалар клиникалық ауруханасы
2007 жылы плазмофарез жүргізу аппараты (Германия) сыйға берілген;
- келесі панажайларға күрделі жөндеу жүргізілді:
• эндокринология мен гематология бөлімшелерінің екі ойын және бір оқу-ақпараттық бөлмесіне;
• 40 пластик терезе орнатылып және оларға жалюзи ілінді;
- жұмсақ және корпустық жиһаз, теледидарлар, кілемдер берілді;
- оқу бөлмесін жаңа парталар мен өзге жиһазбен жабдықтау;
- емделіп жатқан балаларға түрлі ойыншықтар мен үстелүсті ойындары сыйға берілді.

"Шымбұлақ" балалар туберкулезге қарсы күрес санаториясы
2007 жылы пластик терезелерді орнатумен ЛФК кабинетіне, стоматология кабинетіне, физиотерапевтикалық емдеу кабинеті мен ем қабылдау бөлмесіне күрделі жөндеу жүргізілді;
- сыйға берілген жабдықтар:
• стоматологиялық кресло, кушеткалар, массаж жасауға арналған үстел, орындықтар;
• электромассаж жасау құрылғысы, УЖЖ аппараты, "Вулкан" ингаляторы, "Биоптрон" аппараты, "Поток" аппараты;
• жүгіру жолағы, швед қабырғасы, төсеніштер мен өзге көптеген заттар.

Тараз қ. кардиохирургиялық орталығы
2007 жылы MyLab 50 көп салалы ультрадыбыстық сканері (?талия) сыйға берілді.

Ауыр отадан кейінгі науқастарға арналған кабинет
2007-Алматы қаласы №3 емханансының базасында жұмыс бөлмелері күрделі жөндеуден өткізілді
-Науқастарды қабылдау үшін корпустық және медициналық жиһазбен жабдықталды
-Компьютермен, ноутбукпен және кеңсе жабдықтарымен жасақталды
-Қажетті материалдармен және арнаулы әдебиеттермен қамтамасыз етілді.

Алматы қалалық № 7 клиникалық ауруханасы
2009-нейро-инсульттық бөлім үшін ?НСО-2 сыйға берілді
-Портативтік электрокардиографы;
-Компьютер және принтер көшірме, сканерлеу аппараты;
-12 медбике компьютерлік сауаттылық курсында оқытылды.
2010- тағы 7 медбике компьютерлік сауаттылық курсынан өтті
-арнайы матрацтар үшін поролон материалдары сатып алынды;
-?НСО-2 бөлімінде реабилитациялы инсультты науқастарға тәжірибелі мамандар емделушілер ретінде қарап, ауыр;
өмірлік жағдайда қалған туыстарына да оқу жүргізу үшін арнайы оқу сыныбы жабдықталды.

Каракастек балалар үйі, Алматы облысы
2010-физиотерапиялық құрал-жабдықтар сатып алу: электротерапиялық аппарат, жылжымалы ингалятор, ауыз қуысын сәулемен емдеу емдік аппараты, қабырғада орналасқан бактерицидті сәулемен емдеу құрылғысы, жаңа туған сәбилерді орауға арналған арнайы үстелдер;
2012-30 адамға есептелінген 2 комплекті италяндық жұмсақ жиһаз сыйға берілді;
2013- стерилизацияланған, дезинфекцияланған медициналық құралдар, ыдыстар, бикстерге арналған шкаф сатып алынып, сыйға берілді.

Маңғыстау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы, Ақтау қаласы
2011- Ересек балалар мен салмағы 500 гр басталатын жаңа туған сәбилер үшін арналған
Hamilton С2 өкпеге жасанды ауа жіберу аппараты сыйға берілді.

Семей қаласы Медициналық Орталығы Шаруашылық құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынының Мемлекеттік Медициналық Университеті
2012-азық-түлік үшін салқындатқыш және оны жеткізу мен іске қосу, қондыру жүмыстары сыйға берілді.

Астана қаласы Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық акционерлік қоғамы
2012-кіші жастағы емделушілер үшін ойын бөлмелерін ұйымдасиыру және жаңарту.

Қызылорда балалар үйі
2013- Жүйке жүйесі ауруымен ауратын балалардың физиотерапиялық емі үшін құрылғылар, сонымен қатар қол массажерлары сыйға берілді;
2017 – емдік дене тәрбиесі кабинеті жабдықталды.

Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр ауылында орналасқан Алматы аймақтық балалар клиникалық емхана
2015 - кіші жастағы емделушілер үшін неврологиялық және соматикалық ойын бөлмелерін ұйымдастыру және орналастыру.

№ 2 Ақмола облыстық ауруханасы, Астана қаласы
2016 - 3D/4D мүмкіндігі және түрлі-түсті доплер әсері барМС-7 Mindray премиум класстық диагностиканың ультрадыбыстық стационарлық жүйесісонымен қатар науқасқа өкпесіндегі ауаны жаңарту процесінде ұсынылатын газдың жылынуы мен ылғалдануына арналған 2тыныс алу қоспаларын ылғалдандырғыш алынды;
2017 - механикалық акушерлік ота жасау үстелімен және екі медициналық сорғышпен жабдықталды;
2017 - жылытқышы бар неонаталды үстел мен КТГ аппараты сатып алынды.

"Маманға сенім" жобасы
2002-Медициналық мекемелердегі перспективалық дәрігер мамандардың біліктіліктерін арттыру мақсатында Францияда француз тіліндегі курстар ұйымдастырылды;
2003-Алматы мекемелерінің медицина қызметкерлеріне қосымша кеңес және мастер-класс үшін Марсель университетінің медицина факультеті басшыларымен кездесу ұйымдастырылды;
2004-Савхатов атындағы Марсель университетінің хирургиялық онкологиялық және радиологиялық ауруханасында 4 айлық тәжірибе және практикалық жұмыстар ұйымдастырылып, ақысы төленді;
2005-Марсель университетінің ауруханасында біліктілікті жоғарылату ұйымдастырылды:
-Дәрігер акушер-гинеколог А. Медеуоваға (оқу мерзімі 1 жыл);
-Дәрігер онколог Д.К Савхатовқа (қайталау тәжірибесі);
2006-Хирург Ахпаров білім меңгерушісіне шетелдік біліктілікті жетілдіру курсынан өту үшін демеушілік көмек көрсетілді;
2007-Алматы қаласындағы балалар ауруханасынан және перзентханалардан 11 педиатр Екатеринбург қаласында болған неонтологиялық ауқымды мәселелер жөніндегі семинарға қатысып, толықтай қаржыландырылды;
-АҚШ, Словакия, Чехияда өткен ғылыми-практикалық конференцияға Н?? педиатрлары және балалар хирургтері қатысып, қаржыландырылды;
2008-Алматы қалалық неонтологтар мен перзентхана мекемелері дәрігерлері үшін мастер класс ұйымдастырылып, бірнеше қалалық ауруханаларында ресейлік жетекші мамандармен «Донор-сенің күнің» акциясы өткізілді;
2008-Акция қорытындысы бойынша 200 литрден астам қан жиналып, донорлар қатарына студент жастар қосылды.

Атаулы көмектер
2003-2013- Никита сал ауруымен ауратын бала, азық-түлік, дәрі-дәрмек, мүгедектер арбасымен қамтамасыз ету;
2005-Алия 8 жаста, сал ауруымен аурады, Алматы қаласы орталығында арнайы оңалту ұйымдастырылды;
2006-Бексұлтан 3 жаста, жүрек ақауынан Ресейде ем алды:
Арайлым 10 жаста, Корей Халық Республикасында бүйрек алмастырды;
?льзат 3 жаста, жедел лимфобласты лейкоз (ақ қан ауруы );
2009-Алена 17 жаста, ?зраилдан тексеруден өтті (ауру белгілерін анықтау үшін):
Данияр 23 жаста, бүйрек алмастырғаннан кейінгі жағдайда- Пакистанда медикаментозды ем қабылдады;
Меруерт 10 жаста, апластикалық анемия- ?зраилда медикаментозды ем қабылдады;
Санжар 3 жаста, сал ауруымен аурады-медикаментозды емді Кырғызстанда қабылдады
2010-Ольга 20 жаста, генерализировандық миастения түрі- тексерілуден өтіп, оталық емі Ресейде қабылданды
2011- Сан Петербург қаласындағы мамандандырылған клиникада екі балаға жедел нерохирургиялық ота жасау үшін жедел авиа ұшақпен жеткізу ұйымдастырылды
2012-Арианна 10 жаста, энцефалиттік энтеровирустық этиология еміне қаржылай көмек көрсетілді

?р түрдегі көмектер
2002-2009- Балалар үйі мен сәбилер үйіне арнайы дәрігер мамандармен қосымша кеңестер жүргізілді
2002-2010-подшевті медициналық мекемесіне емделіп жатқан балаларға, мерекелерде сыйлықтар мен дәмтатулар беру ұйымдастырылды
2006- В?Ч инфекциясын жұқтырған балалар үшін Шымкент қалалық қоғамдық ұйым шотына қаржы аударылды.

Елеулі кезеңдер:
Бұл жоба 15 жыл жұмыс жасайды, 19 ем қабылдау мекемесі республиканың 8 қаласында қамтылған, 300 000 емделуші осы жобадан көмек алған.

27.07.2010
05.07.2017
Үлкен істің аяқталуы

Жақсы жаңалықты бөлісуге асықпыз!Ақмола облыстық №2 ауруханасында жаңа акушерлік операциялық үстел орнатылды. Ал мамыр…

Медициналық жоба
17.05.2017
Үлкен жұмыс!

Бір жыл бұрын №02 Ақмола облыстық ауруханасы керекті медициналық жабдықтарды сатып алуға көмек сұрап «Сәби» Қорына хат…

Медициналық жоба
02.09.2016
Балалардың амандығы үшін.…

«Сәби» Қорымен № 2 Ақмола облыстық ауруханасына алдында тапсырыс берген медициналық жабдықтар келіп түсті. Аталған…

Медициналық жоба