Еліміздің аймақтарында жаңа спорт нысандары жоспарлануда

Еліміздің аймақтарында жаңа спорт нысандары жоспарлануда «Сәби» Қорының қалаптасқан дәстүрі бойынша жаз айларында «Спорт-денсаулық-жетістіктер» жобасы қарқынды іске асырыла бастайды. Осы жылы Семей, Теміртау, Қызылорда және Ақтөбе облысындағы Алға қалаларында орналасқан әлеуметтік балалалар мекелемерінде төрт нысанды салуға бел будық.

Қазақстанның батысындағы балалар ойын алаңшаларын тұрғызу туралы хабарды кейінге қалдыра тұра, біз бүгінгі күнде Семей және Теміртаудағы мамандандырылған коррекциялау мектептеріндегі спорт құрылыстарын монтаждау жұмыстары туралы айтып өтсек дейміз.

Металлургтер қаласындағы мектеп-интернатта 120-дан астам тәрбиеленушілер жатып оқиды. Мүмкіндіктері шектеулі балалар арасында болатын қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарда қатысып жүрген жас атлеттер үнемі жүлделі орын алып өз жанкүйерлерін тәнті етуде. Спортшылардың потенциалдары жоғары бола тұра, арнайы жабдықталған спорт залдары немесе алаңдарының болмауының әсері олардың жан-жақты бар күшін салып жаттығуына шектеу қойып отыр.

Ал Семей қаласындағы мектеп-интернаттың спортзалың аты затына сай болмай отыр, 1969 жылы салынған ғимараттың жылдан жылға ескіруіне және керекті жөндеу жұмыстары жүргізілмегеніне байланысты, ол жерде санитарлы-гигиеналық ережелерге сай болмағанын ала тұра, қауіпсіздік талаптарына да жауап бермейді.

Біздің Қордың көп жылдар бойы тұрғылып келе жатқан спорт алаңдары, бүгінгі күнде өзіндік бір «фирмалық» тұрпат танытып, мини-футбол, баскетбол және волейбол ойнауға мүмкіндік береді. Олардың құрылысы кейіннен дене шынықтыру сабақтарында таза ауада жаттығуға, әр түрлі сайыстар өткізуге, балалар мен жас өспірімдердің денсаулықтары қатайтып және әрі қарай спорттық жетістіктерге қол жеткізуге де жағдай туғызады.

Нысандарды пайдалануға өткізу мерзімі үстіміздегі жаңа оқу жылының басына жоспарланған.

Біздің жаңалықтардан көз алмаңыздар.

18.07.2012
03.07.2023
«Балдәурен» орталығына…

Жақында біздің қор «Балдәурен» балаларды оңалту орталығын қайта жаңғырту мен күрделі жөндеуге кіріскенін жазғанбыз.…

Спорт-денсаулық-жетістіктер
30.11.2021
Астанада инклюзивті…

Біз Қазақстандағы Сбербанкты Астана қаласындағы инклюзивті балалар ойын алаңының ашылуымен құттықтауға асығамыз.…

Спорт-денсаулық-жетістіктер
11.11.2021
Тараз қаласындағы ойын…

Жақында қала күнін тойлау үшін «Сәби» қоры Таразға жалпы алаңы 1500 шаршы метр болатын көпфункционалды балалар ойын…

Спорт-денсаулық-жетістіктер