Теміртауда «Сәби» екінші рет

Теміртауда «Сәби» екінші рет Күз – егін жинаудың мезгілі, ал «Сәби» Қайырымдылық Қорында спорт жобасы бойынша нәтижелерді қорытындылайтын уақыт болып табылады. 

Теміртау қаласы біздің Қордың бенефициарлары ретінде 2010 жылы «Сәбиден» 2 «инватакси» машиналарын сыйға алған болатын. Бүгінгі күнде № 2 Облыстық мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты қуанышты жағдайды тойлап отыр: "Спорт-Денсаулық-Жетістік"жобасы бойынша 2012 жылдың үшінші, ал бүкіл уақыт бойы жиырма бесінші нысан болып тұрған копфункционалды спорт алаңшасы айтылған мекеменің аумағында толығымен салынып пайдалануға тапсырылды. 

Бұл мектепге біздің көңіліміздің ауғаны кездейсоқ емес. 45 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан ұйым, мұғалімдердің және мемлекеттік белсене қатысуымен коррекциялаумен оқыту жүйесіне келтірілді, бұл жерде ерекше күтімді қажет ететін балғындарға жан-жақты білім алып дамуына барлық жағдайлар қарастырылған. ?нтернатта спорттық-сауықтыру жұмыстары белсенді жүргізілуде, көптеген оқушылар әр түрлі облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарда топ жарып, мақтанарлық жетістіктерге қол жеткізді. 
 
«Сәби» Қорының күшімен тұрғызылған комплекс, оқу орнының түлектеріне алуан спорт түрлерімен, баскетбол, волейбол және футболмен айналысуға сый ретінде тартылды. «Жасанды шөп» жабындысымен төсенген алаң салқын күз айларында да бұрыштарынан жарық түсіретін прожектерлері күн батқаннан кейін де шынығуға толық мүмкіндік береді. Қазіргі кезде ол жерде күнде жаттығулар, жарыстар, қызықты ойындар, сайыстар өтіп жатыр және көтеріңкі көңіл-күйдің нағыз ордасына айналды.

?леуметтік жауапкершілігін ұстанған кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларды біздің жобаны қолдауға шақырамыз, еліміздің барлық шалғай аудандарында спорт алаңдары кеңінен өріс алсын демекпіз.

Фотосуреттер мында

27.09.2012
03.07.2023
«Балдәурен» орталығына…

Жақында біздің қор «Балдәурен» балаларды оңалту орталығын қайта жаңғырту мен күрделі жөндеуге кіріскенін жазғанбыз.…

Спорт-денсаулық-жетістіктер
30.11.2021
Астанада инклюзивті…

Біз Қазақстандағы Сбербанкты Астана қаласындағы инклюзивті балалар ойын алаңының ашылуымен құттықтауға асығамыз.…

Спорт-денсаулық-жетістіктер
11.11.2021
Тараз қаласындағы ойын…

Жақында қала күнін тойлау үшін «Сәби» қоры Таразға жалпы алаңы 1500 шаршы метр болатын көпфункционалды балалар ойын…

Спорт-денсаулық-жетістіктер