Қызылорда қаласындағы Балалар үйінде «Монтессори» бойынша курстар

                

Жақын арада Қызылорда қаласының Облыстық мамандандырылған Балалар үйінің тәрбиешілері үшін «Сәби» қоры «Монтессори» жүйесіне оқыту бойынша кезекті курсты ұйымдастырды.

Бірнеше жыл бұрын осы мекеменің мамандары біздің қор шақырған, Екатеринбург қаласының Еуразиялық Монтессори-Педагогика Орталығының лекторымен 3 оқыту кезеңінен өткен.

Бұл ретте Монтессори-материалдарымен тәжірибелік жұмыс бойынша семинарларды Алматы қаласынан педагог-мамандар өткізді.

22 курс тыңдаушысы сенсорлық және сенсорлық-моторикалық, манипулятивті, қимыл, сөйлеу аймақтарына арналған жаттығуларды меңгерді. Музыкалық аспаптарды, күлдіргі өлеңдерді, тақпақтарды пайдалана отырып, музыкалық-ырғақты сабақтар көрсетілді. Курстың маңызды бөлігі – бұл 0-ден 3-4 жасқа дейінгі балалармен жұмысты ұйымдастыру. Балалармен сыныптағы тәжірибелік сабақтар мекеме қызметкерлерінің ерекше қызығушылығын тудырды, олар онда Монтессори-педагогика қағидаттарын меңгере алды, ал балалар ашылып, үйірлене бастады, қобалжуы азайды.

Монтессори Орталығы алғаш рет 2013 жылы Қызылордада Қордың меншік қаражатына бір жыл бұрын салынған, Балалар үйінде «Сәби» қорымен ашылғанын еске сала кетейік. Бұл мекемеге бүгінгі күнге дейін қандай да бір дәрежеде қолдау көрсетіліп келеді.

16.08.2018
16.08.2019
Білім беру…

     Сіздермен «Сәби» қорының білім беру бағдарламасының жағымды жаңалығымен бөліскіміз келеді. Математика…

«Білім беру» бағдарламасы
13.07.2018
ҰБТ-2018 нәтижелері

Достар, сіздермен тамаша жаңалықпен бөлісуге қуаныштымыз. Біздің қамқорлығымызға алынған әлеуметтік мекемелерден шыққан,…

«Білім беру» бағдарламасы