2022 жылдың 8-11 қыркүйегі аралығында Каспий итбалығын зерттеу және қалпына келтіру орталығы мен Орталық Азия экологиялық…
Биыл "Сәби" Қоры өз қызметін жаңа экологиялық бағытта бастайды. Бұл жоба Орта-Азия экологиялық зерттеулер институтымен бірлесіп "Каспий итбалығы" ЭЗОАИ бес жылдық бағдарламасы аясында жүргізілуде. ЭЗОАИ осы уақытқа дейін көп жұмыс атқарды: Каспий теңізіне үш рет экспедиция ұйымдастырылды, осы тақырыпқа ғылыми жұмыстар жазылды, екі деректі фильм түсірілді.
Алғашқы қадам жануарлардың осы түрін зерттеу және сақтаумен айналысатын, Каспий итбалығын (тюлень) зерттеу және оңалту орталығының ашылуы болды. Жаңа Орталық Ақтауда орналасқан. Мұнда итбалықтарды зерттеу, өсіру және ветеринариялық сүйемелдеу жөніндегі зертханалар ашылады.
Каспий итбалығы - әлемдегі ең кішкентай итбалық, Каспий теңізінің эндемигі. Бұл бірегей түр жойылып кету шегінде: соңғы 100 жылда оның популяциясы 90% - ға қысқарды.
2022 жылдың 8-11 қыркүйегі аралығында Каспий итбалығын зерттеу және қалпына келтіру орталығы мен Орталық Азия экологиялық…
Институтты осыдан 10 жыл бұрын «Сәби» қорының президенті Әсел Тасмағамбетова негізін қалаған, ол қоршаған ортаны…
Ресей мен Ираннан кейін Ақтауда Каспий итбалықтарын зерттеу және оңалту бойынша бірінші және жалғыз қазақстандық орталық…