Қазақстанда Каспий итбалықтарын зерттеу және оңалту орталығы ашылды

Ресей мен Ираннан кейін Ақтауда Каспий итбалықтарын зерттеу және оңалту бойынша бірінші және жалғыз қазақстандық орталық құрылды. Орталықты ашуға ат салысқан «Саби» қайырымдылық қорының  негізін қалаушы филантроптар - Әсел Тасмағамбетова мен Кеңес Ракишев және Орталық Азия экологиялық зерттеулер институты болды. Орталықтың жұмысы тек «Сәби» қорының өз қаражаты есебінен қаржыландырылуда.

Орталықтың негізгі міндеті - Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі Каспий итбалықтарының бірегей эндемикалық популяциясын сақтау және осыған байланысты бірқатар мәселелерді шешу:

  • Ғылыми-зерттеу жұмысы. Каспий итбалықтары туралы тиісті ақпарат жинау және Каспий теңізінің экологиялық жағдайын бақылау. Орталық осы мақсатта тірі және өлі жануарлардың сынамалары негізінде деректер банкін құруды бастайды. Атап айтқанда, микробиологиялық, токсикологиялық және генетикалық зерттеулер үшін сынамалар алынады.
  • Оңалту жұмыстары. Орталық ауру және жараланған итбалықтарды емдеп  және сауықтырып, сосын сау жануарларды табиғи мекендейтін жерлерге шығарумен айналысады. Бұл жұмысқа алғашқы медициналық көмек көрсету мамандарынан басқа, ветеринарлар, зоологтар, экологтар және еріктілер тартылады.
  • Халықаралық және білім беру қызметі. Каспий теңізі бес мемлекеттің - Ресей, Қазақстан, Түрікменстан, Иран және Әзірбайжанның қарамағында болып табылады. Каспий итбалықтарының популяциясын сақтау және құтқару жөніндегі миссиясы тек бір елдің күшімен орындау мүмкін емес. Ол үшін бірлескен күш-жігер мен оларды үйлестіру қажет. Ақтау қаласындағы Каспий итбалықтарын зерттеу және оңалту орталығы шет елдердің осындай мекемелерімен белсенді ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, орталықтың негізінде Каспий итбалықтарының санын қорғау және құтқару саласындағы еріктілер мен мамандарды даярлау үшін семинарлар мен тренингтер өткізілетін болады. Орталықтың тағы бір маңызды тәрбиелік міндеті - жас ұрпақты табиғатты құрметтеуге үйрету.

«Сәби» қорының негізін қалаушы Әсел Тасмағамбетова айтқандай:

«Каспий итбалығы - бұл сирек кездесетін және жойылу қаупінде тұрған теңіздегі жалғыз сүтқоректілер. Бұған көптеген себептер бар, бірақ бұған ең кінәлі - адам.

Қазақстанда Каспий итбалықтарын аулауға мораторий 2006 жылы енгізілгеніне қарамастан, екі жылдан кейін Каспий итбалығы жойылып бара жатқан түрлер ретінде Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабына енгізілді, жағдай жыл сайын күрт нашарлай түсуде. Мысалға: браконьерлердің торларында итбалықтар шатасып қаза тауып жатыр; итбалықтар мекендейтін мұз қабаттарын бұзатын мұзжарғыштардың белсенді қозғалуының салдарынан олар қырылып жатыр; олар мұнай-газ кәсіпорындарының жасанды аралдар салуына, азық-түлікпен қамтамасыз етудің төмендеуіне байланысты, теңізге улы заттар мен климаттың қолайсыз өзгеруі нәтижесінде жойылып жатыр. Жағымсыз факторлар өте көп, ал ұрғашы итбалықтар болса бар-жоғы жылына бір рет қана төлдейді.

Сондықтан, Әзірбайжан мен Түрікменстанда Каспий итбалығы ұлттық Қызыл кітапқа  енгізілген, демек, популяцияны сақтау үшін әр бір итбалық маңызды.

Әрине, мен бұл бастамаға прогрессивті ұлттардың бағытына сүйене отырып Қазақстанның қосылуын қалаймын, біз дамыған мемлекеттер сияқты адам немесе экономикалық даму мәселелері маңызды ғана емес, сонымен қатар экологиялық проблемаларды да шешуіміз. Бүгін мен үлкен толқуда және мақтанышпен Каспий итбалықтарын зерттеу және оңалту жөніндегі орталығын ашып отырмын және Қазақстан осы әдемі және қайталанбас жануарды құтқаруға және сақтауға айтарлықтай үлес қосады деп сенемін. Мен сондай-ақ барлық мүдделі тараптардың - мемлекеттік органдардан бастап, қарапайым балықшылар мен Каспий маңы аймағының тұрғындарының қолдауына үміттенемін, өйткені мұндай қиын міндетті бүкіл әлем болып бірге шеше аламыз».

Каспий итбалықтарын зерттеу және оңалту жөніндегі қазақ орталығын ашуға ұзақ дайындық жұмыстары қажет болған. Орталық Азиядағы экологиялық зерттеулер институты төрт жыл ішінде Франция, Ресей және Иранның басқа да ғылыми ұйымдарымен бірлесе отырып Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде бақылау, зерттеу және далалық сапарларды жүргізіп келеді. Орталық Каспий итбалықтарын әлі құтқарып қалуға болатын дер кезінде ашылды.

6 тамыз, 2019 жыл

07.08.2019
16.09.2022
Каспий итбалықтарын…

2022 жылдың 8-11 қыркүйегі аралығында Каспий итбалығын зерттеу және қалпына келтіру орталығы мен Орталық Азия экологиялық…

Экологиялық бағдарлама
02.06.2022
Қазақстан Президенті…

Институтты осыдан 10 жыл бұрын «Сәби» қорының президенті Әсел Тасмағамбетова негізін қалаған, ол қоршаған ортаны…

Экологиялық бағдарлама
16.04.2019
"Сәби" Қоры Каспий…

Биыл "Сәби" Қоры өз қызметін жаңа экологиялық бағытта бастайды. Бұл жоба Орта-Азия экологиялық зерттеулер институтымен…

Экологиялық бағдарлама