Атырау шұғыл балалар хирургиясының құрылысы басталды

Біздің Қордың барлық достары мен серіктестеріне Атырау қаласында шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесін ұйымдастыру бойынша жұмыстар басталғанын хабарлаймыз. Бұл "Сәби" Қорының 2018 жылы басталған "Шұғыл балалар хирургиясы" жобасы аясында ашылатын төртінші бөлім.

Осы жобаның арқасында бүгінгі таңда Алматы, Семей, Ақтау және Петропавл қалаларында мемлекеттік ауруханалар негізінде халықаралық стандарттар бойынша ұйымдастырылған және ең озық медициналық жабдықтармен жабдықталған заманауи хирургиялық блоктар жұмыс істейді. Енді Атырауда да әлемдік деңгейдегі жоғары технологиялық шұғыл хирургиялық қызмет салынады. 

"Сәби" Қоры жүзеге асырылып жатқан жобаларын барлық бағыттар бойынша дамыта отырып, өз қызметінде жүйелілік қағидатын ұстанады. Әрбір хирургиялық бөлім ашылғаннан кейін, Қор жергілікті дәрігерлер үшін Ресей мен Қазақстанның еңбек сіңірген балалар хирургтарынан шеберлік сабақтар сериясын өткізеді. Сондай-ақ, Ресей медициналық үздіксіз кәсіптік білім беру академиясында қазақстандық мамандарды оқыту және біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастырады.

ҚР өңірлерінде медициналық саланы дамыту шешімін "Сәби" Қоры кездейсоқ қабылдаған жоқ: ашылған хирургиялық бөлімшелер қаланың ғана емес, сонымен қатар жақын маңдағы барлық елді мекендердің балаларына қызмет көрсетеді.  Жыл сайын мұнда кішкентай емделушілердің өмірін сақтап қалатын мыңдаған шұғыл оталар жасалады. Қордың мақсаты – Қазақстан өңірлерінде балаларға сапалы, тиімді шұғыл медициналық және оңалту көмегін қамтамасыз ету.

31.03.2023
23.09.2022
Семей қаласындағы шұғыл…

«Сәби» Қорының президенті Әсел Тасмағамбетова Семей қаласындағы сапары аясында, 2020 жылдың қаңтарында облыстық…

Медициналық жоба
30.06.2022
Қордың көмегін алған…

Біздің жазылушылар мен Қордың достары «Сәби» өз жобаларын Қазақстанның барлық аймақтарында жүзеге асыратынын және…

Медициналық жоба
28.03.2022
Қазақстандық дәрігерлерге…

Ақпан айында «Сәби» қоры Петропавл қаласында жаңа заманауи балалар хирургиясы бөлімшесін ашты. Мұнда ең озық…

Медициналық жоба