«Домбыра-Дастан» байқауының ақтық кезеңі

Бүгін Қазақстанның дарынды музыканттарын қолдау мақсатында «Сәби» қорының президенті Әсел Тасмағамбетова ұйымдастырған «Домбыра Дастан» І республикалық домбырашы балалар мен жасөспірімдер арасындағы байқауының ақтық кезеңі өтті.

Финал Shoqan school мектебінің акт залында өтті. Кәсіпқой қазылар алқасы 35 жас домбырашыны сыннан өткізді. Ертең Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін гала-концертте есімдері белгілі болатын 8 жеңімпазға теңдессіз жүлде қоры – 40 000 000 теңге бөлінеді.

Байқаудың әр түрлі кезеңдерінде қазылар алқасының құрамына белгілі домбырашылар мен күйшілер қатысты: Айгүл Үлкенбаева – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры; Абылай Тілепберген – домбырашы, күйші, «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің бас дирижері;  Таңат Сәденов – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты; Асылбек Еңсепов –Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері; Нұркен Әшіров – домбырашы, күйші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік стипендиясының иегері; Құдайбергенова Салтанат – домбырашы, Құрманғазы атындағы консерваторияның аға оқытушысы, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, Қазақстан Республикасы мәдениетінің үздігі. Біз құрметті сазгерлерге жұмысқа толық беріліп, жоғары кәсіби біліктілік көрсеткені үшін алғыс айтамыз.

«Домбыра-Дастан» байқауы туралы «Сәби» қоры 2021 жылдың қараша айында жариялай бастады. Қатысушылар жас санаттары бойынша – 6 жастан 11 жасқа дейінгі балалар тобы, 12 мен 15 жас аралығындағы жасөспірімдер тобы болып бөлінді. Байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 548 бейнеөтінім келіп түсті. Офлайн тыңдаулар аясындағы жартылай финал 4 қалада: Атырау, Астана, Шымкент және Алматыда өтті. Жартылай финалда 213 қатысушы бақ сынаса, оның 35-і ақтық кезеңге шықты.

 

21.05.2022
27.02.2024
БҰҰ Жаһандық шартына…

"Сәби" Қоры тұрақты даму саласындағы ең ірі халықаралық бастама - Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық шартына қосылғанын…

Жаңалықтар
06.06.2023
Сәтті әлеуметтік…

Әсел Тасмағамбетова, эколог, Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтының (CAIER), «Сәби» Қайырымдылық Қорының және…

Жаңалықтар
16.05.2023
Мұқан Төлебаев атындағы…

«Сәби» Қорының көп жылдар бенефициар мекемелерінің бірі – Алматы қаласындағы №5 балалар музыка мектебі болып…

Жаңалықтар