«Өз бизнесіңді жаса 2017-2018» сайысы

«Өз бизнесіңді құр 2017-2018» конкурсының қорытындылары

Кеше Алматыда SmART.Point коворкинг-орталығында «Өз бизнесіңді құр 2017-2018» бесінші мерейтойлық конкурсының жеңімпаздары жарияланған болатын! Марапаттау рәсіміне, жеңімпаздардан және қонақтардан бөлек, алдағы жылдардағы финалистер қатысты.

«Сәби» Қайырымдылық Қорының жас қазақстандық кәсіпкерлерге идеялары немесе тіпті жұмыс істеп жатқан жобалары туралы жариялауға және өз бизнестерін жүзеге асыру және жылжыту үшін қаржылық қолдау алуға нақты мүмкіндік беріп отырғанына тіпті 5 жыл да болып қалды.

Осы жылы 393 өтінім қаралған болатын, олардың 26-сы шорт-листке кірді. Бизнес-жоспарларды, ал кейін конкурс қатысушылары ұйымдастырушылармен кездесуде жеке ұсынған презентацияларын зерттеп шыққаннан кейің, комиссия жобалары ең үздік болып танылған 10 финалисті іріктеп алды.

Әдеттегідей, іс-шара жағымды сюрприздерсіз өткен жоқ: финалистердің негізгі тізіміне конкурс құрушылары мүгедек адамдар жүзеге асыратын екі әлеуметтік жоба қосқан болатын.

Нәтижесінде, осы жылы жүлделер қоры, күткендей 200 000$ емес,260 000$ құрды, және конкурстың бүкіл тарихындағы ең ірі жүлделер қоры болды.

Жеңімпаздар ұйымдастырушылардың қолдарынан өз бизнес-жоспарларын әрі қарай іске асыру үшін өтеусіз гранттарға чек алды:

Sheberkhana – 50000$ 
http://entrepreneur.saby.kz/projects/2017/3119
GSTEP. Электроника өндіру – 30000$ 
http://entrepreneur.saby.kz/projects/2017/2345
ҰҰА және композиттік материалдардан жасалған басқа бұйымдарды өндіру – 30000$ 
http://entrepreneur.saby.kz/projects/2017/2639
Vital Smoothies – 30000$ 
http://entrepreneur.saby.kz/projects/2017/2616
Инклюзивті типография– 20000$ 
http://entrepreneur.saby.kz/projects/2017/2881
Q.Republic – 20000$ 
http://entrepreneur.saby.kz/projects/2017/3118
Kundecafé – 10000$ 
http://entrepreneur.saby.kz/projects/2017/2621
Intelligent – 10000$ 
http://entrepreneur.saby.kz/projects/2018/2500

Дене мүмкіншіліктері шектеулі адамдарға арналған хостел – 50000$ 
http://entrepreneur.saby.kz/projects/2017/2205
Мүгедек арбасына арналған электромобиль– 10 000$ 
http://entrepreneur.saby.kz/projects/2017/2347

Біз барлық финалистерді шын жүректен құттықтаймыз және оларға әрі қарай табысқа жетуін тілейміз!

 

Сонымен қатар, мерейтойға оралсақ, кейбір цифрларды атап кеткіміз келеді:

- 2013 жылдан бастап конкурсқа қатысуға 1667 өтінім қабылданған болатын,

- жоба финалистерінің жалпы саны- 41,

- төленген гранттардың жалпы сомасы – 1 070 000$,

- конкурс өткізілетін 5 жылдың ішінде шамамен 100 адам жұмыспен қамтылған болатын,

- конкурстың географиясы Қазақстанның барлық аймақтарын қамтыды.

Толығырақ ақпаратпен төменде ұсынылған инфографикада танысуға болады.

 

 

02.03.2018
24.10.2024
"Сәби" қайырымдылық қоры…

Әсел Тасмағамбетова мен Кеңес Рақышевтің "Сәби" қайырымдылық қоры Астана қаласына дарынды балаларға арналған мектеп…

Оқиға
29.12.2023
«Сәби» Қоры Атырауда…

«Сәби» Қайырымдылық Қоры Атырау қаласында бесінші жоғары технологиялық Шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесін ашты. Бұл…

Оқиға
24.11.2022
Saby x Bvlgari қайырымдылық…

«Сәби» Қоры көп жылдар бойы өз тарихын жоғары деңгейде қайырымдылық шараларын өткізіп келеді. Біз 2008 жылдан бастап…

Оқиға