Брусиловский атындағы көше

Брусиловский атындағы көшеБрусиловский атындағы көше Алматы қаласының Алмалы ауданындағы "Тастақ" ықшамауданының орталығы арқылы солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр. Өз атауын тек еліміздің егемендігімен қатар алған бұл көше 1990 жылдың орта шеніне дейін Лев Рудневтің есімімен аталған.

Евгений Григорьевич Брусиловский (1905—1981) - кеңес кезеңінің композиторы. Қазақ КСР-ның xалық әртісі (1936). Екінші дәрежелі Сталин сыйлығының лауреаты (1948).

Алғашқы қазақ операларының, оркестрге арналған туындылардың авторы. Композитор қаламынан тоғыз опера, төрт балет, тоғыз симфония мен 500-ге жуық ән мен романс туған. Ол Қазақстанның 1945—1992 және 1992—2006 жылдардағы Мемлекеттік гимн әні авторларының бірі.

Евгений Григорьевич 1931 жылы Ленинград консерваториясын бітірген. Алматыға 1933 жылы Композиторлар одағының бағыттамасымен келген. Ол аз ғана уақыттың ішінде қазақ әуенінің терең қатпарларына бойлай білді, оны бар жан-жүрегімен сезіне отырып, қазақ xалық әуенінің классикалық музыка түрлеріндегі дыбыстарына өз шығармашылығының жаңғырығын жеткізді. Уақыт өте келе Брусиловский айналасындағы өмір қайнай түсті. Музыкалық дарыны бар қазақ жастары оған қарай ұмтылды. Евгений Брусиловский көзі тірісінде-ақ өзі жазған шығармаларымен қоймай, талантты саңлақ шәкірттерінің тобымен де мақтана алатын еді.

Евгений Брусиловскийдің есімі Ахмет Жұбанов, Мұқан Төлебаев, Латиф Хамиди, Еркеғали Рахмадиев, Бақытжан Байқадамов, Сыдық Мұxамеджанов сынды қазақ классикалық музыка қайраткерлерінің есімдерімен қатар тұр.

22.02.2017
25.05.2016
Ө.Жолдасбеков атындағы…

Ұзындығы 1 километрге жетпейтін Жолдасбеков көшесі ?ль-Фарабидің даңғылының солтүстігінде Достык даңғылымен Фурманов…

Өңтүстік астананың көшелері
12.02.2016
Д.Ф. Снегин атындағы көше

2003 жылы жергілікті маслихаттың шешімімен Алматы қаласының көшелерінің бірі халық жазушысы Дмитрий Снегиннің құрметіне…

Өңтүстік астананың көшелері
10.09.2015
Шоқан Уәлиханов атындағы…

Қазақтың таланты ғалымы Шоқан Уәлихановтың құрметіне Алматы көшелерінің бірі аталды. 3,5 шақырымға созылған көше қаламыздың…

Өңтүстік астананың көшелері