Эсте Лаудер (01. 07. 1908 – 24. 04. 2004) – американдық кәсіпкер, «Эсте Лаудер» Корпорациясының алғашқы негізін қалаушысы және…
ЭМЕРСОН, РАЛФ УОЛДО (Emerson, Ralph Waldo) (1803–1882) - американдық жазушы және философ, қоғам қайраткері, АҚШ-тың ең көрнекті ойшылдардының бірі. 1821 жылы теологиялық білім алған Гарвардты бітірді. Брама (Brahma), Күндер (Days), Қарлы боран (The Snow-Storm) және Конкорд әнұраны (Concord Hymn) – сияқты кейбір поэмалары американың әдеби классиктің жанрына кірді.
Ф. Нице сияқты ұлы философқа ықпалын тигізе арқылы Германия оқырмандарының көңіліне ие болды.
Эмерсон Ресейде Лев Николаевич Толстойға және тағы басқа орыс жазушыларына күшті әсерін тигізді. Л.Н. Толстойдың күнделіктеріндегі, хаттарындағы және мақалаларындағы бірқатар пікірлері Эмерсонның философиясымен ұқсастығын көруге болады. Толстой американдық ойшылды «христиандық діни жазушы» деп жоғары бағалады.
XIX ғасырдың екінші жартысында Ральф Уолдо Эмерсон америка ұлтының рухани басшысы ретінде Бенжамен Франклин қайтыс болғаннан кейін орнын алды.
ЭМЕРСОН:
«Құшақ - ең қымбат сыйлық: көлемі жағынан бәріне лайықты және егер оны қайтарсаңыз ешкім қарсы болмас».
«Тартып тұрған жолмен жүрме, жол жоқ жерге барып ізіңді қалдыр».
Артымызда қалғанның бәрі және алдымызда тұрғаны – ішімізде тұрғанмен салыстырса ұсақ-түйек».
«Адам деген оқып жатқан кітаптарынан құралады».
«Өмірде өзіңізден басқа ешкім сізге жан тыныштық әкеле алмайды».
«Шынайы данышпан келген кезде жан-жағындағы надандар оған қарсы қастандық жасайды».
«Айтқан сөзің келбетіңе сай болу керек».
«Данагөй әрқашанда оған қарсы шыққан адамдарды түсінуге тырысады. Өйткені ол үшін өзінің кемшіліктері алдымен білу өте маңызды».
«Достастықтың жарығы – қол ұшын бергенде емес, адал күлкісінде емес, қуанышты ынтымақтастығында емес; ол – оған сенетін басқа адам бар екені және оған достық ретінде сенуші болатынын түсінген кезде адамға түскен рухани нұрға бөленуінде».
http://ru.wikipedia.org/wiki/Эмерсон,_Ральф_Уолдо
http://www.inpearls.ru/author/1272/2
Эсте Лаудер (01. 07. 1908 – 24. 04. 2004) – американдық кәсіпкер, «Эсте Лаудер» Корпорациясының алғашқы негізін қалаушысы және…
Айзек Азимов (Isaac Asimov, туылған кездегі аты ?саáк Ю́дович Ози́мов; 1920 жылдың қаңтардың 2 күні, РСФСР, Смоленская облысының,…
Я́нуш Ко́рчак (поляк тілінде. Janusz Korczak; шын аты Эрш Хе́нрик Го́льдшмит (поляк тілінде Henryk Goldszmit); 22 шілде 1878, Варшава — 6 тамыз…