Жақында біздің қор «Балдәурен» балаларды оңалту орталығын қайта жаңғырту мен күрделі жөндеуге кіріскенін жазғанбыз.…
«Сәби» Қайырымдылық Қорының қызметі Алматы қаласының шекарасынан асып бүкіл Қазақстанның аумағына таралды. «Сәбидің» бенефиациарлар арасында жеке тұлғалар мен әр түрлі ұйымдар да табылады. Олардың ішінде – Алға қаласында орналасқан Ақтөбе облыстық сауықтыру орталығы да бар. Бұл мекемеде оқуға қиындық туғызып жүрген, психикалық түрде дамымай қалған, психоневрологиялық, церебральды сал ауруына шалдыққан, қозғалу мүмкіндіктері шектеулі, сөйлеу қабілеті бұзылған балалар тәрбиеленеді.
Ашылғанына бар жоғы үш жыл болған орталықта шамамен төрт жүз жас жеткіншектер өз денсаулықтарын түзеп, коррекциялау курсынан өткен кейін барлықтарының физикалық және ой-қабілетінің, сонымен қатар әлеуметтік дағдылану формасы да позитивті түрде ілгерілегені ескере кеткеніміз де жөн.
Кішкентай пациенттердің таза ауада көбірек дене шынықтырып және дем алуын ұйымдастыру мақсатымен, Қор емделу мекемесінің аумағында, қолданушылардың ерекше мұқтаждығын ескере отырып, арнайы әткеншектер, алтыбақандар, тербелмелер, столдар және орындықтар, үлкен ойнау комплексі мен құм ауласымен жарақталған ойын алаңшасын жабдықтауға шешім шығарды.
Қазіргі заманның талаптарына сай бұл жабдық Спорт-Денсаулық-Жетістік» жобасының аясында орнатылған болатын. Алғадағы алаңша жаз-күз маусымында жоспарланған төрт нысанның екіншісі болып тапсырылды. Оның қолданылуы ұйымның жұмыскерлеріне жаңа комплексті реабилитациялық емдеу шараларын енгізуге және ең бастысы жазылып кеткендердің саны ұлғая түсетініне мүмкіндік береді.
Фотосуреттер мында
Жақында біздің қор «Балдәурен» балаларды оңалту орталығын қайта жаңғырту мен күрделі жөндеуге кіріскенін жазғанбыз.…
Біз Қазақстандағы Сбербанкты Астана қаласындағы инклюзивті балалар ойын алаңының ашылуымен құттықтауға асығамыз.…
Жақында қала күнін тойлау үшін «Сәби» қоры Таразға жалпы алаңы 1500 шаршы метр болатын көпфункционалды балалар ойын…