Жаңа мекендегі Сәби үйінің тіршілік тынысы

Жаңа  мекендегі  Сәби  үйінің  тіршілік  тынысы Бала – біздің болашағымыз. Сол болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру – барша адамзаттың міндеті болса, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға деген мейірімділік ерекше болуы сөзсіз. Елбасы Н.?. Назарбаевтың «Қазақстан – 2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты дәстүрлі Жолдауындағы басымдықтардың негізгі бөлімнің бірі баланы қорғау, оның ішінде ата-анасың қамқорлығынсыз қалған балалар құқығын қорғау болып отыр.


90 жылдан астам тарихы бар Қызылорда қаласында орналасқан Сәби үйі Байсеитова көшесіндегі 50 жыл бұрын салынған типтік емес ескі ғимараттан 2013 жылдың басында«Сәби» жеке қайырымдылық қорыныңдемеушілігімен еңселі де, жарық заманауи үлгідегі жабдықталған, отбасылық жылумен мейірлендірілген жаңа ғимаратқа қоныс аударды. Бұл салынған ғимаратта бала тәрбиесі мен күтіміне, оның жан-жақты өсіп жетілуіне, дамуына, емдік шаралардың сапалы жүргізілуіне барлық мүмкіндіктер толық қарастырылған. Ойын алаңдары, физио - массаж, емдік жаттығулар, баланың толық өсіп жетілуіне қалыпты орта жасау үшін қарастырылған Монтессори бөлмесі түрлі сенсорлық ойыншықтармен, жиһаздармен, модульдермен және құрал - жабдықтармен қарастырылып, олар білікті мамандармен қамтылған. Монтессори педагогикасында ерте жастан дамытудың маңыздылығы ерекше: баланың психофизиологиялық дамуына мүмкіндік жасайды, барлық сыртқы сезімді дамытады, жоғары интеллектуалдық көңіл күйді, сонымен қатар этикалық және эстетикалық сезімді тәрбиелейді,баланы «дұрыс» қоршаған ортаға қалыптастырады.


Осындай мүмкіншіліктер «Қалалық сәби үйі» статусын «Облыстық сәби үйіне» ауыстыруына үлкен ықпал етті. Осыған орай, Қызылорда облыс әкімдігінің 2013 жылғы 06 тамызындағы № 221 қаулысына сәйкес, 01.09.2013 жылдан бастап қалалық сәби үйінің атауы «Облыстық мамандандырылған сәби үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды.

Барлық күту және тәрбие жұмыстары барынша үй жағдайындағыдай өткізіледі. Тәрбиешілер барынша аналық мейірімін төгіп, балаларды ауыртпай бағып – қағып, қолдан келгенше тәрбиелейді, сонымен бірге ауруды алдын – алу, науқас балаларды сауықтыру, оңалту-түзету, диспансерлеу жұмыстары жүргізіледі. Осындай көлемді жұмыстардың арқасында жалпы жұмыс көрсеткіштерінде мынадай жетістіктер бар: балалар өлімі орын алған жоқ, жұқпалы және соматикалық аурулар саны азайды, тиімді емделудің арқасында сәбилердің жүйке психикалық жетілуі жақсарып, балалардың асырап алуға жарамдылығы артты.

Ізгілік пен қайырымдылық қадамы әрдайым құрметке лайық. Ал жүрек жылуынан туған қайырымдылық шуағы сәбилерге арналып жатса, бұл құрметті айырықша бағалауға тұрады. Елбасымыз «Алаштың анасына» балаған аймақта орналасқан облыстық сәби үйі ұжымын ана мен баланы қорғау, оның ішінде ата-анасының қамкорынсыз қалған балаларды қорғау және қолдау ел саясатының маңызды құрамдас бөлігі болуы қатты толқытады және қуантады.

02.04.2014
20.09.2024
Атырау облысының…

Атырау облысының балаларына интерактивті панельдер сыйға берілді Биылғы су тасқыны Қазақстан тарихындағы ең жойқын…

Жаңалықтар
06.09.2024
"Сәби" қайырымдылық қоры…

Әсел Тасмағамбетова мен Кеңес Рақышевтің "Сәби" қайырымдылық қоры Астана қаласына дарынды балаларға арналған мектеп…

Жаңалықтар
06.09.2024
Жаңа бронхоскоптың…

Бүгін біз сіздермен Семей қаласының шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесіне  арнап "Сәби" қоры сатып алған жаңа…

Жаңалықтар