Жаңа Жыл қарсаңында қол ұшын беру

Жаңа Жыл қарсаңында қол ұшын беру Өткен жылдың желтоқсан айының аяғында «Сәби» Қайрылымдылық Қорының басшысына өтініш келіп түсті. Бұйымтай болған мәселе – ол 2010 және 2011 жылғы туылған екі бүлдіршіннің өмірін сақтау үшін ресейлік дәрігерлер-нейрохирургтарды көмегі жайлы болды.

Ресейде емделуге квоталары болып, питерлік дәрігерлер балаларды күтіп отырғанымен, бірақ Санкт-Петербургқа кішкентай емделушілерді жаңажылдық мерекелердің қарсаңында жіберу оңайлықпен келмеді: тік авиарейс болмай, ал ұшақты ауыстырып ұшуға сәбилердің аса ауыр хәлін ескере отырып, олардың бірнеше ұшып-қонғанға шыдай алмайтындықтан докторлар үзілді-кесілді рұқсат етпеді.

Бірнеше сағаттың ішінде, өте күрделі және қиын бұл мәселе, Қордың Президенті ?сел ?манғалиқызы Тасмағамбетованың жеке қатысуымен шешілді – арнайы чартерлік рейс жалданып және қажетті ресми құжаттар реттелді. Тіршілікті қамтамасыз ететін аппараттарға қосылған балаларды реаномобильдермен ұшақтың басқышына тура жеткізіп, педиатр-реаниматологтар бригадасының сүйемелдеуімен еш тоқтаусыз Санкт-Петербургқа ұшып барды.

Біз өз тарапымыздан Санкт-Петербургтың арнайы нейрохирургиялық клиникасында ем алып жатқан бүлдіршіндердің жағдайы туралы жаңалықтарды толғана күттік, бүгінгі күнде олардың жағдайы ауыр болса да тұрақталғаны туралы хабар берді.

Кішкентай ғана қазақстандықтардың тезірек емделіп, ата-аналарына күш-жігер тілеп, олардың Отандарына қайтуын асыға күтеміз.

25.01.2012
05.07.2017
Үлкен істің аяқталуы

Жақсы жаңалықты бөлісуге асықпыз!Ақмола облыстық №2 ауруханасында жаңа акушерлік операциялық үстел орнатылды. Ал мамыр…

Медициналық жоба
17.05.2017
Үлкен жұмыс!

Бір жыл бұрын №02 Ақмола облыстық ауруханасы керекті медициналық жабдықтарды сатып алуға көмек сұрап «Сәби» Қорына хат…

Медициналық жоба
02.09.2016
Балалардың амандығы үшін.…

«Сәби» Қорымен № 2 Ақмола облыстық ауруханасына алдында тапсырыс берген медициналық жабдықтар келіп түсті. Аталған…

Медициналық жоба