"СӘБИ" ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫНА 20 ЖЫЛ

Әсел Тасмағамбетова,

«Сәби» Қайырымдылық Қорының Президенті:

 

Қайырымдылық істер жайлы

«Бүгін, өмірімнің басты ісі - "Сәби" Қайырымдылық қорына 20 жыл толып отыр».

Екі онжылдық бойы біз кешенді, құрылымдық, терең талдау негізінде Қазақстанның барлық аудандары мен өмірінің барлық салаларын дамытуға көмектесіп келеміз. Балалар үйлерін салып, ауруханаларды қалпына келтіріп, мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірін жақсарту үстіндеміз. Жас бизнестің болашағы зор жоспарларын қолдап келеміз. Біздің басты назарымыз білім беру, денсаулық сақтау және дарынды жастардың әлеуетін дамытуға бағытталған.

Өткен жолымызға көз жүгірте отырып, осы жылдар ішінде тек біздің Қор дамып қана қоймағанын түсінемін. Онымен бірге Мен де өзгердім, "қайырымдылық" туралы терең түсінігім қалыптасты. Өйткені, бұл қаржылық көмек қана емес. Қайырымдылықтың басты мәні - өз отандастарымыздың проблемаларына ортақтасу, оларға тек қаржылық көмекпен ғана емес, сондай-ақ өзіміздің кәсіби дағдыларымызбен көмектесу, уақыт бөлу, жанашырлық, махаббат сыйлау. Қордағы жұмыс менің өмірімнің едәуір бөлігін алады және маған жобаларды құру мен іске асыру ғана қызықты емес. Мен бағдарламаларымыздың өз ісіне берілген кейіпкерлерімен: дәрігерлер, жас кәсіпкерлер, білім беру саласының мамандары және тағы басқаларымен танысудан және олармен қарым-қатынас жасаудан орасан зор қанағат аламын. Ал, атқарылған жұмыстың ауқымын ұғыну, алдағы уақытта да еліміздің игілігі үшін жұмыс істеуге ынталандырады!

Біздің жобалар жайлы

20 жыл ішінде "Сәби" Қоры көптеген жобаларды жүзеге асырды.  Бүгінде бұл тұрақты жұмыс істейтін, қоғамымыздағы өзгерістерге, азаматтарымыздың шынайы өміріндегі өзгерістеріне жағдай жасайтын жүйелі қор. Басты мақсат - Қазақстанда өз күшіне сенімді және басқаларды қолдауға дайын тұратын, ол үшін қазіргі әлемнің барлық мүмкіндіктері ашық болатын ұрпақ өсуі үшін барынша жағдай жасау.

Бір мысал - "Инватакси" жобасы - ерекше қажеттіліктері бар адамдарды тасымалдауды ұйымдастыру қызметі. Бүгінгі таңда мұндай такси Қазақстанның барлық өңірлеріндегі 20 қалада жұмыс істейді. Арнайы автокөліктер ғана емес, баспалдақ көтергіштері де сатып алынды. Жобамен 43 000 адам қамтылды. Елестетіп көріңізші: бұрын төрт қабырғада отыруға мәжбүр болған адамдардың барлығы мобильді болды, оқуды бастады немесе жұмысқа орналасты.

Осыдан он жыл бұрын "Сәби" қоры Қызылордада жетім балаларға арналған заманауи жайлы балалар үйін салған болатын. Бұған дейін балалар барақты паналаған болатын. Біздің жаңа үйімізде, облыста алғашыншы болып,  еуропалық ерте дамыту бағдарламасы Монтессори енгізілді.

Нәтижесінде: бүгінде екі қабатты үш ғимаратта бірде-бір жетім қалмады - барлығы жаңа отбасы тапты. Физикалық және эмоционалдық жайлылық аясына түсіп, балалар өз-өздеріне келді, жан жаралары жазылып, балаларды асырап ала бастады.

Біздің үй болса, бос қалмады. Қазір бұл жерде қиын өмірлік жағдайға душар болған аналарға арналған дағдарыс орталығы орналасқан.

 Ақтөбе қаласында балалар үйлерінің түлектері үшін "Мейірім" - жастарды әлеуметтік бейімдеуге арналған бірегей орталық құрдық. Қорымыз құрылған алғашқы күннен бастап мен ата-анасыз өскен балалармен жұмыстандым. Және де, балалар үйінің табалдырығын аттаған кезде, кем дегенде, он баланың біреуі түзеу мекемесіне түсетінін білдім, өйткені ол ересек өмірде өз орнын қалай табуға болатынын түсінбейді. Мен бұл қорқынышты статистиканы өзгертуге армандайтынмын. Осылайша біз «Мейірімді» - нағыз ықшам ауданын салдық: төрт екі қабатты таунхаус және бір әкімшілік-тұрмыстық ғимарат. Туыстары мен жақындары жоқ, балалар үйлерінің түлектері тұратын 80 пәтер.

Біздің жоба бес жыл бойы жұмыс істеп келеді. Балалар қоғамда өмір сүруге бейімделуде, алысқа ұзамай, осы «Мейірімде», сұранысқа ие мамандықтарды игеруде. Аяқтарына тұрып, өздеріне тұрақты табыс кепілдеуде.

"Өз бизнесіңді жаса" – 8 жылдық шағын бизнесті қолдау жобасын және "Шұғыл балалар хирургиясы" жобасын – Қазақстанның төрт ауданындағы күн сайын балалардың өмірін сақтап жататын заманауи медициналық орталықтарды, еліміздің 14 өңіріндегі 48 спорт нысандарын, жас математиктерді, ақындарды, музыканттарды қолдауды, экологиялық жобаны еске түсірсек болады: 3 жыл ішінде 3 экспедиция өткізілді, 6 ғылыми жарияланым және 3 деректі фильм шығарылды. 2019 жылғы тамызда Ақтауда Қазақстандағы алғашқы және жалғыз "Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы" ашылды. Жоғарыда айтылғандар - біздің бағдарламаларымыздың аз ғана бөлігі.

Мұның бәрі мен үшін шексіз қымбат және өте маңызды. Біз көп жылғы еңбегіміздің нәтижелерімен мақтана аламыз, қамқорлыққа алынғандардың жеңістеріне қуанамыз.

Қазақстандағы қайырымдылық саласы туралы

Өткен 20 жыл ішінде біздің көз алдымызда Қазақстанда меценаттықтың ежелгі дәстүрінің іргетасында жеке және корпоративтік қайырымдылық өсті. Біз оның эволюциясын бақыладық: бизнеске көмектесуге дайын еріктілер қауымдастықтары пайда болды, кез-келген, тіпті ең қарапайым үлес те құнды болатын онлайн-қайырымдылықтар әдетке айналды, ал краудфандинг платформаларының арқасында әркім өзін танытуға және бизнес-идеясын жүзеге асыруға қолдау алуға немесе мұқтаж адамдарға көмек беруге мүмкіндік алды.

Дегенмен, "Бұл қайырымдылық қорлар не үшін қажет?» деген сұрақты жиі естуге болады. Олар мемлекеттік органдардың функцияларын алмастырады, шенеуніктерге демалуға, адамдар үшін жауапкершілікті және олар қолдауы керек жобаларды жеке қайырымдылық бастамасына ауыстыруға мүмкіндік береді деген пікір бар.

Мен бұнымен түбегейлі келіспеймін. Барлық уақытта және барлық дерлік мемлекеттерде, соның ішінде ең дамыған елдерде, қайырымдылық институты болған және бар. Сонымен қатар, ел экономикасы неғұрлым күшті болса, билік қайырымдылық және меценаттық институтты соғұрлым ынталандырады.

АҚШ пен Канадада қайырымдылық жарналары салық салынатын пайдадан алынады. Салық шегерімдері Канададағы салық базасының 75% - ына және АҚШ-та 10% - ға дейін жетеді. Қайырымдылықпен айналысатын жеке тұлғалар табыс салығын төлеген кезде жеңілдіктер ала алады: 30% - дан 50% - ға дейін. ЕЭО елдерінде коммерциялық емес ұйымдар сатып алынатын немесе сатылатын тауарлар мен қызметтерге ҚҚС-ң төмендетілген мөлшерлемесіне құқығы бар. Қайырымдылық жасаушы жеке тұлғалар да қайырымдылық мөлшері мен азаматтығына байланысты шегерімдер алады.

Қазақстан Республикасында коммерциялық емес ұйымдар үшін арнайы салық жеңілдіктері қарастырылмаған.

Осыған сәйкес нәтижеге де иеміз. Америка Құрама Штаттарында шамамен 1,5 миллион үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді. Ұлыбританияда 865 мың ұйым тіркелген. Азаматтық қоғам істері комитетінің мәліметінше, Қазақстанда жұмыс істеп тұрған 16 426 ҮЕҰ бар, олардың қызметі түрлі бағыттарда ұсынылған, оның ішінде 1 126 қайырымдылық қоры бар.  Қазақстанның жалпы ішкі өнімдегі "үшінші сектор" деп аталатын кірістердің үлесі - 1%-дан аз. Солтүстік Америка мен Батыс Еуропада бұл көрсеткіш 6,5% - ға жетеді. Бізде жұмыспен қамтылғандар саны 1% - ға жуық, ал дамыған елдерде -7,1 % жетеді.

Қайырымдылықтың даму бағыттары туралы

Төменде, Қазақстандағы қайырымдылық институтын сапалы дамытуға мүмкіндік беретін, ал мемлекет пен коммерциялық емес ұйымдардың өзара әрекеттесуін әлдеқайда тиімді ететін факторларға тоқталғым келеді.

Мемлекет, қайырымдылық тек жақсы істерге ақша жинау ғана емес, белгілі бір орта құру, азаматтық қоғамды дамыту идеясын қабылдаған кезде, өзгерістер басталады. Мемлекет қайырымдылықты дамытуға мүдделі болған кезде. Алайда, бұл үшін салық заңнамасында елеулі өзгерістер қажет. Компаниялар мен қайырымдылықпен айналысатын жеке тұлғаларды көтермелеу, заңнамалық деңгейде қабылданған кезде, қайырымдылық ұйымдарына сұраныс пайда болады. Сәйкесінше, осы ұйымдардың рейтингіне сұраныс пайда болады.

Қайырымдылық ұйымдарының қызмет стандарттарын анықтау және, тиісінше, қорлар жұмысының тиімділігін бағалау үшін рейтингтер енгізу қажет. Рейтинг, өз қорының қызметін тереңірек талдауға мүмкіндік беріп, өз жұмысын қай бағытта жақсартуға болатынын түсінуге мүмкіндік берер еді. Рейтинг - бұл сенуге болатын институттар арқылы көмектесуге дайын грант берушілерді, бизнес өкілдерін тартудың тамаша мүмкіндігі. Ақыр соңында бұл жалған қорлар мен алаяқтарды анықтауға мүмкіндік берер еді. Сенімділік - қайырымдылық қорларының жұмысындағы маңызды көрсеткіштердің бірі.

Әзірше, өкінішке орай, бізде эндаумент-қорларды құру үшін жағдай жасалған жоқ. Мұндай ұйымдардың жұмысы нақты заңнамалық реттелмейді және мемлекет бұған тиісті назар аудармайды. Ал бүкіл өркениетті әлемде дәл осы эндаумент-қорлар білім беруді, ғылымды, мәдениетті дамытудағы басты тіректердің бірі болып табылады. Табысты және әлемге әйгілі эндаумент-қордың жарқын мысалы – ғылыми және мәдени жетістіктері үшін ең беделді әлемдік марапат - "Нобель сыйлығы" болып табылады. Ал, мысалы, АҚШ пен Ұлыбританияның ең ірі білім беру мекемелері – Гарвард, Кембридж, Оксфорд осындай қорлар есебінен өз бюджетінің 30%-40%-на дейін алады. Менің ойымша, біздің республикамызда осы бағытты дамыту, ғылыми және білім беру әлеуетін дамытуда сапалы өзгеріс жасауға мүмкіндік берер еді.

Сонымен қатар, мен коммерциялық емес ұйымдарды монополияландыруға үзілді-кесілді қарсымын. Және қайырымдылыққа қандай да бір саяси реңк беруге де. ҮЕҰ-ның әртүрлі бағыттарында нақты жұмыс істейтіндер неғұрлым көп болса, қоғам соғұрлым күшті және сау болады, соғұрлым ол өз елінің әлеуметтік өміріне қатысады.

Қорытынды

Бүгінгі таңда «Саби» қоры көптеген жүйелі жобаларды жүзеге асырып, белгілі бір сараптама мен құзыретке ие. Оның ішінде коммерциялық сектор үшін қайырымдылық жобаларын әзірлеуге арналған. Біз елімізде шын мәнінде азаматтық қоғамның дамуы үшін, жинақталған тәжірибемізбен және білімімізбен қуана бөлісуге дайынбыз.

Қазақстанда қайырымдылық айтарлықтай эволюциялық жолдан өткеніне еш күмән жоқ. Сондай-ақ, қиындықтарға қарамастан, көптеген жылдар бойы осы маңызды жұмысты істеп келе жатқан барлық әріптестеріме ризамын. Біздің барлық донорларымызға, меценаттарымызға, достарыма және ең үздік ниеттес адал командама жеке алғысымды білдіремін!

Жақын арада жаңа деңгейге шығатын Қазақстанда меценаттықтың мәдениеті мен дәстүрін бірге қалыптастыра бастағанымызға сенімдімін!

20 жылдық мерекеңмен, сүйікті «Сәби» қорым!

21.04.2022
08.10.2024
Әсел Тасмағамбетованың…

Enactus әлем кубогы - әлемнің түкпір-түкпірінен келген мыңдаған студенттер үшін жылдың ең маңызды оқиғасы болып саналады. Бұл…

Блог
24.05.2024
Құрылыс саласындағы…

22 жылдық үздіксіз жұмыс барысында "Сәби" қайырымдылық қоры Қазақстанның түрлі өңірлерінде көптеген әлеуметтік…

Блог
09.03.2023
Әсел Тасмағамбетова "Өз…

"Сіздердің алдарыңызда тұрып, көздеріңізге қарағанда: "неткен жас, өршіл және батыл жандар", - деп таң қаламын!…

Блог