Негізгі жобалар мен мақсаттардан бөлек, біздің Қор өмірлік қиын жағдайға тап болған — ауыр сырқаттар мен мүгедектікке шалдыққан балаларға жүйелі түрде көмек көрсетеді.

Бүгін біз сіздермен Қордың атаулы көмегі бойынша кезекті есеппен бөлісеміз. Ағымдағы жылдың қаңтар — маусым айлары аралығында атаулы көмек көрсетуге жұмсалған қаражаттың жалпы сомасы 7 713 000 теңгені құрады. Толығырақ білу үшін   сілтемені басыңыз.

Сонымен қатар, біздің қорға қайырымдылық жасаудың бірнеше әдісі бар екенін еске салғымыз келеді:

* Мобильді қосымша Kaspi.kz  — Төлемдер — Қайырымдылық  –  "Сәби" қайырымдылық қоры

* Tayyab Исламдық қосымшасы

* B-Bank мобильді қосымшасы – Төлемдер — Қайырымдылық – "Сәби" қайырымдылық қоры

* Мобильді қосымша BCC.KZ – Төлемдер — Қайырымдылық — "Сәби" қайырымдылық қоры

* Қордың заңды шотына аудару

Біз қордың барлық жанашырларына алғысымызды білдіргіміз келеді. Сіздің әрбір қайырымдылық көмегіңіз — бұл әр баланың өміріндегі жаңа оқиға.