Ақтөбе, Семей және Павлодар қалалары мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мүгедектік арбаларға арналған арнайы көтергіштермен және оларды автокөлік салонында бекітіп қоюға арналған құрылғылармен жабдықталған Volkswagen Caddy және Volkswagen Transporter автокөліктерінің екі-екі данасына ие болды.
Осы қалаларда мүмкіндігі шектеулі адамдарға тегін тасымалдау қызметтерін ұсыну бойынша «?нватакси» қызметтері құрылады. Көлік қызметтерін одан әрі қаржыландыру ісін қалалық билік органдары өздеріне алады.
Аймақтардағы «?нватакси» қызметінің шекараларын кеңейту – бұл Қорымыздың «Мүгедектерге – лайықты өмір» жобасы шеңберінде жасап отырған жұмысындың кезекті қадамы.
Семейдегі «Мүгедектер таксиі» қызметінің фотосуреттері