Балпық би ауылындағы «Үміт» орталығына ойын алаңы салынды
«Саби» қайырымдылық қоры өзінің «Спорт-денсаулық-жетістіктер» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жыл сайынғы жұмысын жалғастыруда.
Биылғы жылы жоба Алматы облысының Балпық би ауылынан басталды, онда «Мүгедек балаларды оңалтуға арналған «Үміт» күндізгі қамқорлық орталығы» КМК-на жалпы алаңы 150 шаршы метр болатын жаңа ойын-сауық кешені салынды.
Ойын алаңының барлық элементтері орталықтың тәрбиеленушілерін оңалтудың басты рөлдерін атқаруға арналған, себебі ойын жабдықтарының ассортименті мен орналасуы балалардың қажеттіліктері мен сұраныстарын толығымен қанағаттандырады. Жарқыраған әр түстермен боялған үйшіктер, баспалдақтар, әткеншектер мен жолақтар оларға қуаныш пен жақсы көңіл-күй сыйлайтын болады.
Бұл кешен «Сәби» қорымен 16 жыл ішінде салған 45-ші спорттық нысан болды.
08.06.2018
Жақында біздің қор «Балдәурен» балаларды оңалту орталығын қайта жаңғырту мен күрделі жөндеуге кіріскенін жазғанбыз. Орталық жүйке жүйесі м…
Біз Қазақстандағы Сбербанкты Астана қаласындағы инклюзивті балалар ойын алаңының ашылуымен құттықтауға асығамыз. «Сәби» Қоры да осы жобаны…
Жақында қала күнін тойлау үшін «Сәби» қоры Таразға жалпы алаңы 1500 шаршы метр болатын көпфункционалды балалар ойын кешенін сыйға тартты.&…