БҰҰ Жаһандық шартына қосылу
"Сәби" Қоры тұрақты даму саласындағы ең ірі халықаралық бастама — Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық шартына қосылғанын хабарлауға қуаныштымыз.
22 жыл бойы біздің Қор орнықты даму қағидаттары мен мақсаттарын тікелей көрсететін жобаларды іске асырып келеді. Олардың ішінде медициналық мекемелерді жарақтандыру және ҚР өңірлерінде шұғыл балалар хирургиясы бөлімшелерін ашу, әлеуметтік маңызы бар объектілерді (балалар үйі, жастарды әлеуметтік бейімдеу орталығы, жалпы білім беретін мектептер), спорттық және ойын балалар алаңдарын, робототехника орталықтарын салу, білім беру гранттарын беру, дарынды жастар мен ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған "Инватакси" қызметтерін ұйымдастыру, Каспий итбалықтарының популяциясын сақтау және т. б.
"Тұрақты даму — бұл 17 тұрақты даму мақсаттарында көрсетілген әлеуметтік табиғи-экологиялық аспектілердің жиынтығы, олардың жалпы идеясы — біздің бүгініміз бен болашағымыз, балаларымыз қандай әлемде өмір сүретіні үшін жауапкершілік. Тұрақты даму мақсаттары мен ESG күн тәртібі бүгінде — алыста күтіп отырған болашақ емес, дәл қазір біз өмір сүріп жатқан шындық, және оны ескеруіміз қажет.
Менің ойымша, прогрессивті қоғамның критерийлерінің бірі-қоғамның қайырымдылыққа қатынасы және азаматтардың өз елінің әлеуметтік өміріне қатысуы. Бұл — мықты азаматтық қоғам, ал қорлар мен еріктілер қауымдастығы – мықты азаматтық қоғамның шағын моделі", — деді Әсел Тасмағамбетова.
БҰҰ Жаһандық шартының он әмбебап қағидаттары мен бастамаларын қабылдауымызды жариялай отырып, біз тұрақты ашық экономика мен жауапты азаматтық қоғамды қалыптастыруға барлық жағынан жәрдемдесуге міндеттенеміз.
19.01.2024
Биылғы су тасқыны Қазақстан тарихындағы ең жойқын оқиғалардың бірі болды. ҚР 10 өңірінде төтенше жағдай енгізілді. Апат аймақтарынан 120 мыңға жуық ад…
«Сәби» қайырымдылық қорының арқасында дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебінде 18 жыл ішінде алғаш рет жаңа заманауи ғима…
Балалар стационарының қабылдау бөліміне 3 жастағы бала шұғыл түрде ауыр жағдайда: тыныс алудың қиындауы және тоқтаусыз жөтел туралы шағымдармен түсті…