
Бүгін Алматыда «Өз ісіңді баста — 2021» жас кәсіпкерлерді қолдау байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Осы уақытқа дейін Әсел Тасмағамбетованың жетекшілігімен және кәсіпкерлер Кеңес Рақышев, Вячеслав Ким, сондай-ақ Рашит Махаттың қолдауымен «Сәби» қайырымдылық қоры 8 жыл бойы қазақстандық кәсіпкерлерге өз идеяларын немесе жүзеге асқан жобаларын жариялап, істерін дамыту үшін ақысыз қаржылық қолдау алуға нақты мүмкіндік беріп келеді.
Биыл байқауға бұрын-соңды болмаған 1075 өтінім түсті. 35 жоба іріктеуден жартылай финалға өтті. Бизнес-жоспарларды зерделеу және қазылар алқасы алдында жобаларды қорғау нәтижелері бойынша олардың ішінен 11 жеңімпаз анықталды.
Биылғы жүлде қоры 330 000 долларды құрап, байқау тарихындағы ең үлкен жүлдені құрады. Осылайша, 8 жыл ішінде кәсіпкерлерге берілген гранттардың жалпы сомасы 1 910 000 АҚШ долларына жетті.
Сонымен, байқау жеңімпаздары:
1. Мақсат Прімбет. QR-мәтіні бар жартылай электронды кітапты шығару жобасы — $ 10 000
2. Рустем Емеков. QBit білім беру конструкторы — $ 15 000
3. Гаухар Аукен. Brak.kz. Отбасылық даулар бойынша құқықтық көмек — $ 15 000
4. Гульмира Байгулжаева. Feedingkaz. Шаруашылық өсімдік майлары, ұн, урбеч — $ 20 000
5. Серик Турусбеков. Service4Agro. Бау-бақша техникасының жергілікті өндірісі — $ 30 000
6. Касымхан Улыкбанов. Zerenmilk. Балаларға арналған сүт қоспасын әзірлеу — $ 30 000
7. Алмас Мухаметов. Бірреттік медициналық құралдарды өндіру — $ 30 000
8. Максат Умурханов. Аса берік қолғаптарды өндіру — $ 30 000
9. Баглан Калдарбеков. Guryev өлшеу құралдарын өндіру — $ 50 000
10. Шейхислам Сахи. MedData. Пациент, дәрігерді және аурухананы басқаруға арналған ЖИ — $ 50 000
11. Гульнур Кутыбаева. "Нурлаб" көпфункционалды медициналық орталығы — $ 50 000
Ақтық кезеңнің қатысушыларын құттықтаймыз және өз бизнесіңізді бастауда сәттілік тілейміз!