«Сәби» қоры Қазақстанның үш қаласына мамандандырылған автокөліктің тағы алты бірлігін сыйға тартты
Ақтөбе, Семей және Павлодар қалалары мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мүгедектік арбаларға арналған арнайы көтергіштермен және оларды автокөлік салонында бекітіп қоюға арналған құрылғылармен жабдықталған Volkswagen Caddy және Volkswagen Transporter автокөліктерінің екі-екі данасына ие болды.
Осы қалаларда мүмкіндігі шектеулі адамдарға тегін тасымалдау қызметтерін ұсыну бойынша «?нватакси» қызметтері құрылады. Көлік қызметтерін одан әрі қаржыландыру ісін қалалық билік органдары өздеріне алады.
Аймақтардағы «?нватакси» қызметінің шекараларын кеңейту – бұл Қорымыздың «Мүгедектерге – лайықты өмір» жобасы шеңберінде жасап отырған жұмысындың кезекті қадамы.
Семейдегі «Мүгедектер таксиі» қызметінің фотосуреттері
22.08.2010
Біздің серіктестеріміз, достарымыз және көптен бері жазылушыларымыз "Сәби" қорының маңызды жобаларының бірі – "Инватакси" ту…
«Сәби» Қоры «Өз ісіңді баста» байқауының финалистеріне гранттар ғана бөліп қана қоймай, әрқашанда оларға қодан келгенше қолдау…
Осы жылдар бойы «Сәби» Қоры сатып алған 62 арнайы автомобиль бүкіл Қазақстан бойынша мүмкіндіктері шектеулі адамдарды тасымалдайды. Бұл 20…