— «Сәби» қоры 10 жыл бойы «Өз ісіңді баста» атты жас кәсіпкерлерді қолдау байқауын өткізіп келді. Осы жылдар ішінде ісін жаңа бастаған 80 қазақстандық кәсіпкерлер жалпы сомасы 2 240 000$ өтеусіз гранттарын алды.

2024 жылы аталған байқау негізінде «byb capital» венчурлық қоры құрылды, ол стартаптарға ең ерте кезеңдерде инвестиция бөлу, сондай-ақ жаһандық көзқарасы бар перспективалы жобаларға қолдау көрсету бағытында жұмыс жасайды.

— «Сәби» Қоры мен byb capital қолдауының арқасында алғаш рет Стэнфорд университеті профессорының «Венчурлық ойлау: саналы түрде бәс тігу арқылы орасан зор табысқа қалай жетуге болады» бестселлер кітабы қазақ тіліне аударылды.

Басылымның жалпы таралымы 2000 дана болды.

— «Сәби» Қоры жас кәсіпкерлерді қолдау аясында мектеп және студенттік кәсіпкерліктің, стартаптар мен инновациялардың ең ірі ұлттық турнирі – Enactus World Cup 2024 әлемдік кубогының демеушісі болды.

20 миллион теңге жұмсалды.