— «Сәби» қоры су тасқынынан зардап шеккен Атырау облысы Құлсары және Жылыой ауданының тұрғындарына 2 миллиард 20 миллион теңге аударды.
Қаражат тұрғын үй салуға, сатып алуға және жөндеуге, тұрмыстық техника мен жиһаздарды сатып алуға, сондай-ақ табиғи апат салдарынан келтірілген өзге де шығындарды өтеуге бағытталды.
Сонымен қатар Атырау облысы Жылыой ауданындағы үш жалпы білім беретін мектеп пен екі бөбекжай үшін жалпы сомасы 5 000 000 теңгеге 5 интерактивті панель сатып алынды.