Астана қаласының «Зерде» дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің базасында бесінші Робототехника орталығы ашылды.
Кабинет ең заманауи интерактивті техникамен жабдықталған, 7 — 11 сынып оқушыларына арнап оқу жинақтары, жарыстарға арналған жиынтықтар, роботтар, конструкторлар және басқа да инновациялық жабдықтар сатып алынды.
Жобаның құны 18 915 550 теңгені құрады.