Qara бірлестігімен бірлесіп, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың мәселелесіне назар аудару үшін «Мейірімді бол» фандрайзингтік акциясы аясында қайырымдылық концерті өткізілді.
Акция нәтижесінде жиналған қаражаттың жалпы сомасы 6 139 000 теңгені құрады. Қаражат «Сәби» қоры салып, 2017 жылы Ақтөбе қаласына сыйға тартқан «Мейірім» жастарды әлеуметтік бейімдеу орталығында тұратын балалар үйінің түлектеріне музыкалық және спорттық жабдықтар сатып алуға бағытталды.