— 2023 жылдың желтоқсан айында «Сәби» Қоры тұрақты даму және ESG бағдарламаларын қолдай отырып, БҰҰ-ның жаһандық шартына қосылды. Биыл Қор президенті Әсел Тасмағамбетова ерекше марапатқа ие болып, «Орталық Азиядағы орнықты даму мақсаттарына қол жеткізудегі ізашарлар» байқауының жеңімпазы атанды.

Аталған марапат өз компанияларында және аймақта тұрақты бизнес тәжірибесін сәтті дамытып келе жатқан көшбасшы тұлғаларға беріледі.

— Сонымен қатар, Әсел Тасмағамбетова әйелдерді ғылым, технология, инженерия және математика саласындағы қолдаудың жаһандық қоғамдастығы — Women in Tech Байқау кеңесінің мүшесі болып таңдалды.

— Сондай-ақ, Әсел Тасмағамбетова әлемнің түкпір-түкпірінен келген мыңдаған студенттер үшін жылдың ең маңызды оқиғасы – беделді Enactus World Cup 2024 әлемдік кубогының жабылу салтанатында қорытынды сөз сөйлеуге құрметті спикер ретінде шақырылды.