— Петропавлдағы № 7 орта мектепте робототехника орталығы ашылды. Қор үй-жайларды толық қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Орталық 1-11 сынып оқушылары үшін ең заманауи интерактивті технологиямен жабдықталған. Жаңа эргономикалық жиһаздар орнатылды. Жөндеу жұмыстарының жалпы ауданы 80 шаршы метрді құрайды. Жобаның құны 30 млн. теңгені құрады.

– Семей қаласында робототехника орталығы ашылды. Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық сарайының негізінде қаланың барлық балалары үшін ең инновациялық жабдықтары бар жаңа заманауи сынып жұмыс істейді. Күрделі жөндеу жүргізілді, жаңа эргономикалық жиһаздар орнатылды. Жалпы ауданы — 75 шаршы метр. Жобаның құны 27 000 000 теңгені құрады.