Балаларға паллиативтік көмек көрсету орталығын қолдау мақсатында «Мен сенімен біргемін» кең ауқымды краудфандинг акциясы ұйымдастырылды. Жиналған қаражатқа Hyundai H350 автокөлігі негізінде толық жабдықталған жылжымалы медициналық зертхана, арнайы медициналық құрал-жабдықтар, сондай-ақ шала туылған нәрестелердің аналарына арналған жиынтықтар алынды. Көрсетілген көмектің жалпы сомасы 47 457 544 теңгені құрады.