– «Сәби» қоры Петропавл қаласында жедел балалар хирургиясы бөлімін ашты. Бұл Қор салған және толық жабдықталған төртінші ота жаса бөлімі. Мұнда ең күрделі хирургиялық операцияларды жасауға мүмкіндік беретін ең озық медициналық қондырғылар орнатылған үш операциялық блок іске қосылды. Жөндеу алаңы – 620 ш.м. Нысанның құны 335 млн теңгені құрайды.

– Кейіннен петропавлдық хирургтар үшін Ресей Федерациясының жетекші балалар хирургі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Юрий Соколовтың ұйымдастыруымен шеберлік сыныбы өтті. Оның жетекшілігімен күрделі лапароскопиялық операциялар жасалып, 18 науқасқа кеңес берілді, дәрігерлерге арналған лекциялар топтамасы оқылды.