«ЖАСӨСПІРІМДЕР» ЖОБАСЫ
Жасөспірімдер үйілернің түлектеріне әлеуметтік арнаулы көмек көрсету бойынша мақсатқа лайықты шараларды жүзеге асыру арқылы олардың әлеуметтік мәртебесін көтеру.
Жобаны ұйымдастырушы және орындаушы:
«Сәби» жекеменшік қайырымдылық қоры» коммерциялық емес ұйым
Жобаның мақсаты:
Жас жеткіншектің әлеуметтенуі барысында мақсатқа лайықты түрде дамуына арнап жағдай тудыру арқылы Жасөспірімдер үйлері түлектерінің азаматтық қоғамға ықпалдасу мәселелерін сындарлы шешу.
Жобаны жүзеге асыру мерзімдері:
Аяқталған жоба
Мәселені белгілеу:
Еліміздегі әлеуметтік жетімдіктің өсуі көптеген себептермен туындалуда: халықтың басым бөлігінің өмір сүру деңгейінің төмендеуі, ана мен балаға қолдау көрсетудің айқын және жан-жақты ойластырылған бағдарламасының жоқтығы, отбасы мен отбасылық қатынастар құндылығының жоғалуы және т.б.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларды оңалту, тәрбиелеу және олардың білім алу мәселелері Қазақстанда өзге ТМД елдеріндегідей негізінен дәстүрлі түрде әртүрлі типтегі жетім балаларға арналған мекемелер жүйесін дамыту арқылы шешілуде.
18-жасқа толған жасөспірімдер Балалар үйінің қабырғасынан сыртқа шықаннан кейін олардың алдында социумға ықпалдасу мәселесі туындайды. Олардың алдында түбегейлі өзгерістерге ұшырау, солар өзіне бейімделуге мәжбүр болатын жаңа әлеуметтік ортаға кірігу мәселесі тұрады. Аталмыш қоғамдық топтың өкілдері кәсіби тұрғыдан бағыт-бағдар табу, қызметтік және достастық қатынастарын орнату, өзге жыныспен қатынасуда қиындықтарды бастан кешеді. Олардың басым бөлігі – балалар әлеуметтік мекемелері түлектерінің 40 %-ы – заң бұзушылардың қатарына қосылып, не өз өмірін өз-өзіне қол жұмсаумен аяқтайды.
Және бұл Балалар үйінен шыққан балалардың көшеде тұрып қалмайтынының өзінде. Мысалы, Ресейге қарағанда өзіне бекітілген заңды тұрғын үйі жоқ қазақстандық жасөспірімдер Балалар үйінің қабырғасынан сыртқа шыққаннан кейін Жасөспірімдер үйіне жіберіледі, мұнда олар муниципалды жатақхана шартымен 23 жасқа дейін тұрады. Бұл жасқа дейін жастар білім алып, жұмыс тауып және өз бетінше өмір сүретіндей шамаға жетеді деп саналады. Алайда, практика көрсетіп отырғандай, жас кезінен мемлекеттің қамқорлығында болған олардың көп жағдайда әлеуметтік қатынастарды орнату үшін, өмірлік маңызы бар мәселелерді шешу үшін, дербес шаруашылығын құру үшін қарапайым дағдылары болмайды.
Осы себепке орай 23 жасқа толған және өздерінің алдында Жасөспірімдер үйіндегі өз орнын жетімдердің келесі ағымына арнап босату қажеттігі туындап отырған бозбалалар мен бойжеткендердің басым көпшілігі тұрғын үйдің болмау мәселесіне тап болып отырады. Олардың баратын жері жоқ, туыстары жоқ, олардың жинаған ақшасы жоқ, оларға мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер ортақ кезек шарттарына сәйкес беріледі, кейінгісі қазіргі өмірдің ақиқатына орай ешқашан жетпеуі да мүмкін.
Жасөспірімдер үйлерінің түлектеріне тұрғын үйге қол жеткізуге көмектесу арқылы олардың әлеуметтік бейімделуіне арнап қолайлы жағдай тудыру, олардың қоғамға кірігуіне ықпал ету қазіргі уақытта айрықша өзекті мәселе болып отыр.
Жобаны жүзеге асыру кезеңдері:
1. Бірінші кезең
Мәселені белгілеп алу:
Қазіргі уақытта балалар үйлерінің түлектері 1997 жылдың 16 сәуіріндегі ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алудың жеңілдіктеріне ие болғанымен іс-жүзінде бұл тұрғын үйді сол ала алмаған күйінде қалып отыр, себебі халықтың өзге әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған аз қамтылған топтарымен бір кезекте тұр. Соған орай, «Жасөспірім» жобасы шеңберінде «Сәби» Қайырымдылық Қоры жетім -жастарға жеңілдік шарттарымен өз тұрғын үйін сатып алудың күрделі мәселесі бойынша жәрдем көрсету мүмкіндігін қарастырып отыр. Бұл жағдайда мынадай шарт принципиалды болып табылады: бұл «қайырымдылық жасаушы беріп – қайырымдылық көруші алды» деген үйреншікті сұлба болмай, алушы соған ұзақ уақыт бойы және қажырлы еңбегімен қол жеткізуі тиіс. Мысалы, тұрғын үй алуға 23 жасқа толған, жоғары білімі бар және қазіргі уақытта жұмыс істеп жүрген панасыз жетімдер ғана үміткер бола алады. Мұндай жүйе Жетімдер үйінің түлегін көптеген жылдар бойы өмірін құруға деген жан-жақты ойластырылған және жауапты көзқарасын қалыптастыра отырып, бар жігерімен еңбек етуге, ойлауға мәжбүр етеді.
Шешудің жолдары:
Қайырымдылық Қоры «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-мен біріккен түрде жұмыс жүргізу жобасын әзірлеуде, бұл жағдайда ол алушының орнына банктің арнайы депозитіне алушыға арналған тұрғын үй құнының 50 %-ын салады (жуықтап алғанда, тұрғын үйдің бастапқы құны 40 000 ш.б. болған жағдайда 20 000 ш.б.). Содан кейінгі 3 жыл бойы Жасөспірімдер үйінің түлегі сол жарнаны өзінің ебекақысының есебінен ай сайын толықтырып отырады (100 ш.б. х 12 ай х 3 жыл = 3600 ш.б). мерзімі аяқталғаннан кейін ол тұрғын үйді сатып алу үшін жетпей отырған соманы (40 000 – 20 000 – 3 600 = 16 400 ш.б.) банкіден жылдық 4,5 % шартымен қарызға алады, оны ол банкіге сонымен жасасқан келісімшартта көрсетілген бірнеше жыл ішінде тағы да өз еңбеақысы есебінен пайызымен қоса қайтарады (ай сайынғы төлем 150 ш.б. болған жағдайда орташа есеппен 10 жыл). Банкімен толық есеп айырысқаннан кейін алушы Қордың алдында өзіне бастапқы жарнаны (10 000 ш.б.) төлеу үшін ұсынылған соманың 50 % мөлшеріндегі борышты пайызсыз 5-6 жыл бойы қайтара бастайды.
Ынтымақтастықтың мұндай әдісі өте сындарлы болып табылады. Ол жастарға Жасөспірімдер үйінің түлегі өз бетінше жинай алмайтын бастапқы жарнаны, әдетте, өте ірі соманы алу мүмкіндігін ұсынады. Сонымен қатар, содан кейінгі қаржылай төлемдер өзінің қалыпты болуына орай оның бюджетіне сондай бір елеулі жағымсыз әсерін тигізе қоймайды. Оған қоса, банкі мен қормен ақырғы есеп айырысуды ол өзінің меншікті тұрғын үйінде тұрып жатып, отбасын құрып, өзінің әл-ауқатын арттырып үлгерген күйінде жүзеге асыруы мүмкін, бұл несиегерлермен есеп айырысуды жылдамдатуы мүмкін.
2. Екінші кезең
Мәселені белгілеп алу:
Жасөспірімдер үйлері түлектерінің арасында 23-жасқа қараған шағында ауылға қажет мамандыққа ие болған адамдар көп. Үлкен қалада ешқандай қолдауы жоқ адам жас маман жұмыспен, тұрғын үймен, әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз етіледі деген шартпен Қазақстанның шалғай ауылдарына тұрақты түрде тұруға кету ықтималдығын ескерумен.
Шешудің жолдары:
Қор селолар мен ауыл әкімдіктерімен бірлескен түрде негізінен ҚР 2008 жылдың 24 желтоқсанындағы «ҚР Ауылдық елдімекендердің әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету және ынталандыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына бағытталумен Жасөспірімдер үйлерінен шыққан мамандарды тарту және жұмысқа орналастыру, олардың селода бейімделуіне арнап қажетті жағдайлар тудыру сұлбаларын әзірлеуде.
Сонымен қатар Жасөспірімдер үйінің басшылығы Балалар үйі түлектерінің одан арғы уақытта ауылда жұмысқа тұру процесін жеңілдету үшін олардың ауыл шаруашылығында өзекті болып табылатын мамандықтар алуын насихаттайды.
3. Үшінші кезең
Мәселені белгілеп алу:
Жақын көрші – Ресейдің тәжірибесіне сүйене отырып әлеуметтік мекеме түлектерін ірі, соның ішінде қала құрушы кәсіпорындарға орналастырудың жағымды нәтижесін атап кету қажет. Бұл жағдайда жастар үлкен ұжымның қолдауына ие болады, былайша айтқанда, «полктың балаларына» айналады. Аға жолдастарының қамқорлығы кәсіби өзара қатынастармен ғана шектеліп қалмайды, ол жұмыстан тыс жағдайларға да тарайды. Мұнысы жетімдерге назардан тыс қалған аласталған тұлға ретінде емес, өз-өзін қоғамның толық қанды мүшесі етіп сезінуге мүмкіндік береді.
Соған қоса, кәсіпорынның өз қызметкерлеріне тұрғын үй беру мүмкіндігі аса маңызды мағынаға ие. Жатақханадан бастап, шын көңілімен адал еңбек еткен жағдайда меншікті пәтеріне қол жеткізуге дейін.
Оның үстіне, тәжірибе көрсетіп отырғандай, Жасөспірімдер үйі түлектерінің арасында жоғары зейіндік қасиеттерімен қатар керемет ұйымдастырушылық қабілетіне ие дарынды балалар да жоқ емес.
Шешудің жолдары:
Қор өзінің міндеті ретінде Жасөспірімдер үйлерінің келешегінен үміт күттіретін түлектеріне қолдау көрсетуді көздеп отыр. Ол үшін ірі кәсіпорындар мен компаниялардың басшылары мен HR-менеджерлерімен жас жетім-мамандарды жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша байланыс орнату қажет.
Жобаны қаржыландыру:
Жоба «Сәби» ЖҚҚ КЕҰ-ның қайырымдылық көрсетушілерінің ерікті жарналарының есебінен қаржыландырылады.
Жобаның күтілетін нәтижелері:
Түлектердің қызығушылығын дамытуға арнап, оларды артынша жұмысқа орналастырумен кәсіби даярлануына арнап жағдай тудыру, және сол арқылы жастардың осы санатының әлеуметтену және қоғамға ықпалдасу мәселесін шешу.
- шілде 2011 жыл (жобаның алғашқы қадамдары) - тұрғын үй-құрылыс жинақтары туралы жетімдер үйлерінің алты түлектерімен, «Сәби» Қайырымдылық Қорымен және Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкісімен үштараптық келісімшарттар жасалды. Қор қатысушылардың атынан бірінші жарна ақша салды, қалған сомасын түлектер банкке ай сайын салып отыр;
- шілде 2012 жыл - тұрғын үй-құрылыс жинақтары туралы жетімдер үйлерінің екі түлектерімен, «Сәби» Қайырымдылық Қорымен және Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкісімен үштараптық келісімшарттар жасалды. Қор қатысушылардың атынан бірінші жарна ақша салды, қалған сомасын түлектер банкке ай сайын салатын болады;
- тамыз 2013 жыл – «Жасөспірімдер» жобасының екі қатысушылары «Қазақстанның тұрғын-үй құрылыс-жинақтау банк» АҚ-ның тұрғын үйді сатып алушылар мен жалдаушылардың Пулына қатысу арқылы Алматы қаласында пәтер алуға мүмкіндікке ие болды.
- желтоқсан 2014 жыл - «Жасөспірімдер» жобасының үш қатысушысы сатып алушылар мен жалдаушылар Пулына қатысу әдісімен Алматы қ. өз баспанасына ие болды.
-сәуір 2015 жыл - тұрғын үй-құрылыс жинақтары туралы жетімдер үйлерініңбір түлегімен«Сәби» Қайырымдылық Қорымен және Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкісімен үштараптық келісімшарттар жасалды. Қор қатысушылардың атынан бірінші жарна ақша салды, қалған сомасын түлектер банкке ай сайын салатын болады.
- тамыз 2015 жыл - «Жасөспірімдер» жобасының екі қатысушысы сатып алушылар мен жалдаушылар Пулына қатысу әдісімен Алматы қ. өз баспанасына ие болды.
- қазан 2015 жыл – «Жасөспірімдер» жобасының тағы бір қатысушысы Алматы қаласының Жетісу ауданында екі бөлмелі пәтерді сатып алды;
- желтоқсан 2015 жыл – «Жасөспірімдер» жобасының екі қатысушылары «Қазақстанның тұрғын-үй құрылыс-жинақтау банк» АҚ-ның тұрғын үйді сатып алушылар мен жалдаушылардың Пулына қатысу арқылы Алматы қаласында пәтер алуға мүмкіндікке ие болды.
-сәуір 2015 жыл - тұрғын үй-құрылыс жинақтары туралы жетімдер үйлерініңбір түлегімен«Сәби» Қайырымдылық Қорымен және Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкісімен үштараптық келісімшарттар жасалды. Қор қатысушылардың атынан бірінші жарна ақша салды, қалған сомасын түлектер банкке ай сайын салатын болады. - тамыз 2015 жыл - «Жасөспірімдер» жобасының екі қатысушысы сатып алушылар мен жалдаушылар Пулына қатысу әдісімен Алматы қ. өз баспанасына ие болды. - қазан 2015 жыл – «Жасөспірімдер» жобасының тағы бір қатысушысы Алматы қаласының Жетісу ауданында екі бөлмелі пәтерді сатып алды; - желтоқсан 2015 жыл – «Жасөспірімдер» жобасының екі қатысушылары «Қазақстанның тұрғын-үй құрылыс-жинақтау банк» АҚ-ның тұрғын үйді сатып алушылар мен жалдаушылардың Пулына қатысу арқылы Алматы қаласында пәтер алуға мүмкіндікке ие болды.
- мамыр 2016 жыл – «Жасөспірімдер» жобасының бір қатысушы «Қазақстанның тұрғын-үй құрылыс-жинақтау банк» АҚ-ның тұрғын үйді сатып алушылар мен жалдаушылардың Пулына қатысу арқылы Алматы қаласында пәтер алуға мүмкіндікке ие болды.
Елеулі кезеңдер:
Жоба 6 жыл бойы жұмыс істеп келе жатыр, қатысушылардың барлық саны – 9, оның ішінде армандаған шаршы метрлерге Алматы қаласының жетімдер үйінің 9 түлегі қол жеткізді.