Жұмақан Кудерин атындағы көше

Жұмақан Кудерин атындағы көше Жұмақан Кудерин атымен аталған көше туралы бірнеше рет естідік, бірақта сол көшенің нақты қай жерде орналасқанын және Райымбек көшесінен Рыскулов даңғылына дейін Розыбакиев көшесінің жалғасы болып кететінін және ұзындығы 1,5 километр болатынын білетіндер шамалы.

Кудерин Жұмақан Маусымбайұлы (1891 (әлде 1893) – 1938) – ағартушы, ғалым – энциклопедияшы, географ, этнограф, биолог.

Ортааягөздің Жетісу болысында, бай жанұяда дүниеге келді. Кудериннің тегі ертеден келе жатқан және Жетісуде құметті болды. Кудери (күдері) деген Жумақанның атасының жері, қазақша аударғанда жұмсақ тері деген мағынаны білдіреді.

Бұл тектің жігіттері бірнеше ұрпақ бойы сауатты болды, билермен яғни төрешілермен тегінің одағында сайланды. Жұмақан өзінің үлкен туыстарының жолық қуған жоқ. Жұттың кесірінен жанұясы қайыршылық күйге түсті сөйтіп он жасында жалдамалы жұмысшы болуға мәжбүр болды. Кейінірек Сергиополь қаласының мұсылман мектебінде, «Ғалия» медресесінің үлгісінде салынған «Мамания» мектебінде, Көксу ауыл шаруашылығы мектебінде оқыды.

1918 жылдан РКБ(б) мүшесі болды, түрлі жер қатынастары органдарында жұмыс істеді. 1920 жылы Төтенше комитеттің «Черкасск қорғанысы» деп аталатын, Жетісудің Колчак әскерлеріне қарсылық көрсеткен ауыл тұрғындарына қатысты негізсіз жүргізген қудалау шараларына наразы болғандығы есепке алынып партия қатарынан шығады.

1924-1930 жж. Орта Азия мемлекеттік университетінде (САГУ) оқыды, бір мезгілде курстарда, ликбездерде дәріс оқыды; Түркістан аумағының табиғи ресурстарын зерттеу жөніндегі үш ғылыми-зерттеу экспедициясына қатысты.

«Қытайдағы қазақтарды қайтару жөніндегі комиссияның» жұмысына араласты, оның қатысуымен 6000 отбасы Отанына оралды. 1928 жылы ҚазАКСР-дің жер қатынастары комиссары лауазымында болды. Ж. Кудерин 44 жыл жасаған өміріне дейін 44 кітап жазды. «?ліппе» кітабының авторы болып келеді (1919), жаратылыстану пәндерінен бірнеше кітаптар жазған (соның ішінде «Ботаника» қазақ тілінде араб әріптерімен), қазақтар жайлы этнографиялық еңбектері жарық көрді («Қытайдағы босқындар өмірі», «Қазақтардың ата-тегі туралы материалдар») және биологиялық зерттеулер («Кендір», «Қой мен оның жүні», «Қант қызылшасы», «Орта Азиядағы жыландар түрі»)

Ж.Күдерин ғалым биолог ретінде де көп іс тындырды. 1930 жылы ол бір модалық қарасораны ойлап тапты. Ол кезде оны тал жіп және май алу үшін өндіретін. Бірақ Күдерин өз жаңалығының нәтижелерін пайдалануға үлгермеді. Өйткені, ғалым тұтқынға алынып, қолжазбалары тәркіленуі себепті, аталмыш еңбектің кейбір бөліктері жартылай ғана жарық көрді.

Жұмахан Күдерин 1930 жылдың 1 қыркүйегінде Ташкент жанындағы агростанцияда, «ұлтшыл» деген айыппен ұсталды. Ғалым онда Орта Азия мемлекеттік университетін бітіргеннен соң тәжірибе жұмыстарымен шұғылданып жүрген болатын. Осыдан жарты жыл бұрын, 1930 жылдың ақпанында әкесі мен әулеттің барлық ер-азаматтары да тұтқындалған еді (кешірек оның ағалары қамаудан қашып Синьцзянға кетуге мәжбүр болды).
«Буржуазияшыл ұлтшылдардың» іс-әрекеттеріндегі қылмыс дәлелденбеді де, іс Москваға жіберілді. Онда да олардың кінәсіне қатысты нақтылы дәлелдер табылмады. Содан келіп барлығын үйлеріне босату туралы ұсыныс болды. Дегенмен Қазақстандағы ОГПУ өкілі бұған қарсы шығып, олар ОГПУ-дың бет-беделіне нұқсан келтіреді деген сылтаумен барлығын Ресейге айдауға жіберуді ұсынды. Сөйтіп, ғалым ОГПУ жанындағы Үштіктің 1932 жылдың 20 сәуіріндегі қаулысымен 5 жылға сотталды. Айдау орны Орталық Қаражер облысы (Воронеж және Льгов) болып белгіленді. 1932 жылы Жұмахан Күдерин Льгов қаласына 5 жылға әкімшілік айдауға жіберілді, кейіннен сырқатына байланысты, дәрігерлердің бақылауымен, Воронеж қаласындағы ауруханаға ауыстырылады. Диагноз анықталмайды, бірақ айдау мерзімі бір жылға қысқартылады. 1934 жылы айдау мерзімі бітеді. Жұмахан жаза мерзімінде агроном болып еңбек етеді.

1935 жылы отбасымен Алматы қаласына қайтып оралып, Қазақ мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына аға ғылыми қызметкер болып қызметке тұрады. 1936 жылы Ж.Күдерин соттылығы бар тұлға ретінде жұмыстан босатылады. Сол жылдары Кудерин орыс ақынымен, прозашы, әдебиетші және журналист Ю Домбровскимен танысып дос болды, сонымен қатар келесі қамауға дейін орыс-латын-қазақ сөздігімен белсенді жұмыс істеді.

Ж.Күдерин екінші рет 1937 жылдың 21 мамырында ұсталып, түрмеге отырғызылды. Оны антикеңестік, ұлтшыл, аумақтық көтерілісшілер және диверсиялық-шпиондық ұйымның жетекшісі ретінде тұтқындайды. Күдеринге қатысты дербес іс қозғалады. Ол РСФСР ҚК 58-2, 7, 8, 11 баптары бойынша айыпталды. Тергеуді Алматы облыстық НКВД-нің жедел уәкілетті тергеушісі В.Я. Якупов жүргізді. Оның тұтқындар арасында «өлім періштесі» деген жасырын аты болған, себебі ол жүргізетін істердің барлығы өлім жазасына келіп тірелетін. Жұмахан Күдерин 1938 жылдың 7 наурызында сотталды. КСРО Жоғарғы Сотының көшпелі сессиясының қаулысымен ең жоғары жазаға кесілді. Сол күні атылды.

Жұмақан Кудерин қайтыс болғаннан кейін 1958 және 1990 жылдары ісінде қылмыстық белгісі жоқ деп екі рет тұтқындалған үшін ақталды.

Жұмақан Кудерин атындағы көше Кудериннің қызы Лариса (1938 жылы туылған), Москва қаласында, Подсосенское көшесінің ескі үйдің астында қуғынға ұшыраған ғалымдарға арнап «Балалар – ата-аналарына» атты мұражай ашты. Кішігірім көрмеде ғалымдарға қатысты фотолар, құжаттар, кітаптармен суреттер қойылған.

http://semeylib.kz/?page_id=2880&lang=ru сайтынан материалдың аудармасы.

23.06.2015
22.02.2017
Брусиловский атындағы көше

Брусиловский атындағы көше Алматы қаласының Алмалы ауданындағы "Тастақ" ықшамауданының орталығы арқылы солтүстіктен…

Өңтүстік астананың көшелері
25.05.2016
Ө.Жолдасбеков атындағы…

Ұзындығы 1 километрге жетпейтін Жолдасбеков көшесі ?ль-Фарабидің даңғылының солтүстігінде Достык даңғылымен Фурманов…

Өңтүстік астананың көшелері
12.02.2016
Д.Ф. Снегин атындағы көше

2003 жылы жергілікті маслихаттың шешімімен Алматы қаласының көшелерінің бірі халық жазушысы Дмитрий Снегиннің құрметіне…

Өңтүстік астананың көшелері