«Өз бизнесіңді жаса» 2015-2016 байқаудың қорытындысы

«Өз бизнесіңді жаса» 2015-2016 байқаудың қорытындысы Назарларыңызға «Өз бизнесіңді жаса» 2015-2016 байқаудың қорытындысы ұсынамыз.

Жеңімпаздарды марапаттаудың қарсаңында жобаның демеушілері Кеңес Рақышев пен Вячеслав Ким баршаға күтпес хабар берді, жалпы жүлде қорын 50 000 долларға, яғни 250 000 АҚШ $ дейін ұлғайту туралы шешім қабылдады.

100 000 доллар шамасындағы басты грант екі қатысушыға маңдайына жазылды. Нәтижесінде Алматы қаласының медициналық жаттығу құрылғысының жасау S-med жобасы (http://entrepreneur.saby.kz/projects/810) және Көкшетау қаласының жылу жолдарына арналған құбырлардың өндірісі (http://entrepreneur.saby.kz/projects/584) 50 000 доллардан әрқайсысы ие болды.

Екінші дәрежелі гранттар 20 000 доллардан 25 000 долларға дейін ұлғайды.

Сонымен, 25 000 доллар жүлдесін ұтып алған 5 финалистер тізімі:

1. Кuntech – геллиоколлекторлардың өндірісі, Астана қаласы (http://entrepreneur.saby.kz/projects/939)
2. «Теплая» дизайн студиясы, шеберханасы, г. Алматы қаласы (http://entrepreneur.saby.kz/projects/1257)
3. «ESCO» энергия үнемдеу жүйесі, Алматы қаласы (http://entrepreneur.saby.kz/projects/1182)
4. Нан әркімге, Қапшағай қаласы (http://entrepreneur.saby.kz/projects/843)
5. «Көже» ұлттық сусынның өндірісі, Алматы қаласы (http://entrepreneur.saby.kz/projects/721)

Байқауды ұйымдастырушыларынан 25 000 доллар мөлшерінде ынталандыру грантын, шорт листке өтпеген , бірақ зор үміт күттіретін және ауқатты екенін дәлелдеген жоба: Алматы қаласынан «SAR» тестілеудің нәтижелерін талдау жүйесі (http://entrepreneur.saby.kz/projects/824) ұтып алды.

Сөйтіп жалпы гранттың саны сегіз болды: 50 000 АҚШ доллардан екеу және 25 000 АҚШ доллардан алтау.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Қосымша «Сәби» Қорының қаржылай емес қолдауына келесі жобалар ие болды:
1. «Consilio» Студиясы, Алматы қаласы (http://entrepreneur.saby.kz/projects/1063) – 1 жылға ақысыз жалға тұрғын емес үй-жай беріледі және «Сәби» Қорына әлеуметтік бейне ролик түсіруге тапсырыс алды.
2. «Dream Big» балалар киімінің брэнді, Алматы қаласы (http://entrepreneur.saby.kz/projects/1133) – 1 жылға ақысыз жалға тұрғын емес үй-жай беріледі.
3. FACEFITNESS.KZ, Астана қаласы (http://entrepreneur.saby.kz/projects/663) –BOULEVARD журналында тегін жарнамалық тармақ орналастырады.
4. «Өмірдің дәмі», Алматы қаласы (http://entrepreneur.saby.kz/projects/773) – «О! кафе» атты пайдалы тамақтану кафесімен ынтымақтастық жұмыс жүргізуге келісім-шарт жасасты.
5.– Арқалық қаласындағы балалар аттракцион паркі, Қостанай облысы (http://entrepreneur.saby.kz/projects/783) – сыйлық ретінде «Сәби» Қорының достарынан жаңа аттракционға ие болады.
6. «Балалар» атты анимациялык топтамасы, Алматы қаласы (http://entrepreneur.saby.kz/projects/1118) - Жобасын дамуына, дыбыстандыруына және саундтрек жазуына көмек алатын болады.

Барлық жобаларға, байқауға қатысқаны үшін алғысымызды білдіреміз және өз ісінің қалыптасу жолында табыс тілейміз!

ФОТОСУРЕТТЕРДІ МЫНА ЖЕРДЕН КӨРЕ АЛАСЫЗДАР

«Өз бизнесіңді жаса» атты (одан кейін «ӨБЖ») байқау бойынша жиі қойылатын сұрақтар.


«ӨБЖ» байқауы қашан өткізіле бастады?
- «ӨБЖ» байқауы 2014 жылы іске қосылды

Байқаудың ұйымдастырушысы кім?
- Қазіргі сәтте басты ұйымдастырушы болып Кеңес Рақыш (Singulariteam) және Вячеслав Кимнің (Каспибанк) қаржылай қолдауымен «Сәби» Қоры саналады.

Байқау қандай мерзімде өткізіледі?
- Байқау жыл сайын әдеттегідей қараша айынан бастап наурыз айына дейін өткізелді, нақты мерзімдерін байқаудың ресми сайтында қадағалау керек.

Байқаудың мақсаты?
- «ӨБЖ» байқауының басты мақсаты – өз ісін келешегі бар, экономика жағынан тиімді және әлеуметтік-маңызды салаларда жүргізіп жүрген жас кәсіпкерлердің санын ұлғайту арқылы шағын бизнесті қазақстан экономикасының даму ықпалы ретінде қолдау.

Байқаудың жүлде қоры?
- Жалпы жүлде қоры және гранттың саны жыл сайын байқаудың басталуына дейін бекітіліп және сайтта жарияланады. Дегенмен ұйымдастырушылар, байқаудың кез келген уақытында гранттың мөлшері мен санын өзгертуге құқығы бар.

Жеңімпаздарды кім анықтайды?
- Жеңімпаздар тізімі, байқаудың ұйымдастырушыларының өкілдерінен тұратын комиссиямен анықталады.

Іріктеу кезеңдері қалай өтеді?
- Қатысушылар үш кезеңнен тұратын іріктеуден өтеді: ісіңіз туралы қысқаша айтылған бейнеролик орналастыру, бизнес-план жасап көрсету және жобаңызды жекеше түрде комиссия мүшелеріне таныстыру.

Қай жобалар жеңімпаз атануға мүкіндігі көбірек?
- Келешегі бар, экономика жағынан тиімді және әлеуметтік-маңызды салларда іске қосылған бизнес жобалардың немесе дайындық жұмыстары ақырғы кезеңіне жеткен бизнес-жобалардың мүмкіндігі көбірек. Артықшылық бағыты өндіріс ғылыми салаларға бағытталған экономиканың нақты секторларына беріледі.

Бейнероликке деген талаптар қандай?
- Бейнероликтің ұзақтығы 2 минуттан аспау керек. Осы уақыттың ішінде бизнестің ойын сипаттап айту керек. Сосын қор жайында және атқарылған жұмыстарын барын және қандай мақсатқа, қандай мөлшерде қосымша қаражат керектігін айтып, оған қоса өз бизнес жобаңыздың маңыздылығын туралы көз жеткізу керексіздер.

"Сәби" Қоры қатысушылардың авторлық құқығын қорғайдыма?
- Бейнероликте және бизнес-планда көрсетілген ақпарат ашық болып саналады. «Сәби» Қоры біреудің авторлық құқығының бұзылғанына жауапты емес.

02.03.2016
20.09.2024
Атырау облысының…

Атырау облысының балаларына интерактивті панельдер сыйға берілді Биылғы су тасқыны Қазақстан тарихындағы ең жойқын…

Жаңалықтар
06.09.2024
"Сәби" қайырымдылық қоры…

Әсел Тасмағамбетова мен Кеңес Рақышевтің "Сәби" қайырымдылық қоры Астана қаласына дарынды балаларға арналған мектеп…

Жаңалықтар
06.09.2024
Жаңа бронхоскоптың…

Бүгін біз сіздермен Семей қаласының шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесіне  арнап "Сәби" қоры сатып алған жаңа…

Жаңалықтар