№ 159 мектепті күрделі жөндеудің екінші кезеңі аяқталды

«Сәби» Қайырымдылық қоры Алматы қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназияны күрделі жөндеу жұмыстарының екінші кезеңін аяқтады. Жазғы демалыс кезінде үшінші қабаттың дәліздері мен баспалдақ аралығы боялды, барлық қабаттағы санитариялық тораптарда кафель жабыны, терезелер, сантехника, санфаянс және жабдықтар ауыстырылып, толық жөндеу жұмыстары жүргізілді, желдету және жылыту жүйелерінің жұмысы қалыпқа келтірілді.

Былтырғы күз мезгілінде мектептің бірінші және екінші қабаттарында бояу-өңдеу жұмыстары жүргізілді, вестибюль мен акт залы қалпына келтірілгенін еске сала кетейік. Бұдан басқа, 1300 дербес оқушыларға арналған шкафтар, креслолар, перделер, шымылдықтар, жарықтандыру құралдары сатып алынды. Мекеменің сыртқы баспалдақтарының сатыларына жарақаттанудан қорғайтын жабын монтаждалды.

Гимназияның барлық мұғалімдері мен оқушыларын Білім күнімен құттықтаймыз және жемісті оқу жылын тілейміз!

29.08.2018
16.10.2019
SOS балалар ауылының 3-ші үйі…

«Сәби» қоры Алматыдағы SOS балалар ауылындағы үйлерін күрделі жөндеу бойынша жұмысын жалғастыруда. Осы маусымда біз үш…

«Өркендеу» құрылыс жобасы
23.08.2019
Алматыдағы SOS балалар…

Фонд «Саби» продолжает капитальный ремонт домов семейного типа Детской деревни SOS в Алматы. Второй дом, который…

«Өркендеу» құрылыс жобасы
04.07.2019
SOS Балалар ауылында…

     Жақында «Сәби» қоры Алматы қаласындағы Балалар ауылының SOS үйінің бірінде күрделі жөндеу жұмыстарын…

«Өркендеу» құрылыс жобасы