Соңғы жылдары елімізде бiлiм жүйесi көптеген өзгерiстерден өтті. Олардың бәрі бiржақты жақсы деп айту қиын-ақ және бұл жөнінде дау-дамай әлі күнге дейін тоқтамай жатыр. Батыста әлдақашан іске асырылған әдістемелер мен схемалар бiзге біртіндеп енгізіле бастады. Кейбiреулері біздің сана-сезімізге сәйкес келмей сіңбей қойды, ал басқа өзге түрлері жүйеде нық орнын тапты. Солардың ішінде қазіргі кезде кең қолданылып және жан-жақты әсерін тигізіп жүрген Мария Монтессоридің балаларды үйрету методикасы, италиялық ұстаз, ғалым және 20 ғасырдың бiрiншi жартысының ойшысының әдiстемесiн айтуға болады.
Осы жүйе жекеше ықпал етуге негiзделген: бала үнемi өзiнің қалауы бойынша дидактикалық материалдарды және сабақтың ұзақтығын таңдап, ыңғайлы бағытта дами бастайды. Монтессори педагогикасы әрбiр жеке баланың қажеттiлігіне, қабiлеттiлiгіне және зеректiгiне шоғырланады. Басты шарт - қазiргi ортақ өлшемдер бойынша салыстырымға келістірмеу болып табылады. Оның орына, балалар еш мәжбүрсіз, сырт жақтан кiрiспесіз және сынсыз еркiн оқиды. Баланың тәуелсіз болуы өміріндегі жаттығулармен толықтырылады, демек күнделiктi тәжiрибе де тiкелей үлесін қосады. Монтессори-материалдары - бұл жай ойыншық емес, керісінше бұл нағыз «ересек адамның» кiшiрейтілген көлеміндегі заттар. ?дiстеме бір жағынан қарапайым көрінетін бірақ өте маңызды әрекеттерге елiктеу арқылы дәріс береді, мысалға: киіну, жуыну, дастархан жаю, қол өнерімен шұғылдану,өнерге талпыну және т.б.
М.Монтессоридің жүйесі бойынша окудың қағидалары жетім балалардың жеке көзқарасын құрастыруға және тұрмыстық дағдыларға баулуына айтарлықтай септігін тигізеді. Өйткені мемлекеттік әлеуметтік мекемелерде ұжымдық тәрбиенің салдарынан тұлғаның даралығы жиі екінші орында қалып ескерілмей қалады.
"Сәби" Қайырымдылық Қоры басшылығының шешімі бойынша, өз есебінен тұрғызылып жатқан Қызылорда қаласының Сәбилер үйіне арналған жаңа ғимаратында, жергілікті Монтессори оқыту орталығы ұйымдастырылатын болады. Осы мақсатпен Омбы қаласында аса кең ассортиментте арнайы жабдықтар және материалдар сатып алынды. Сонымен қатар Ресей Федерациясының Ревда қаласының Аймақаралық Монтессори - ассоциациясымен ынтымақтастық орнатылды, олардың мамандары Сәбилер үйінің ұстаздары мен тәрбиешілеріне жыл бойы бірнеше рет Қызылордаға келіп тренингтер өткізіп, балалармен жеке жұмыс істеу үшін толық курсты үйретіп шығады.