«Қызылорда қалалық сәби үйі» ММ үшін
аумақ пен жаңа ғимаратты салу және жабдықтау жөнінде
ЕСЕП БЕРУ
«Сәби» қайырымдылық қоры
Алматы, 2012Қызылорда қаласы. Ауыр климаттық жағдайлар, Арал теңізінің экологиялық апат аймағы, таза ауыз суының тұрақты тапшылығы және нәтижесі ретінде, жергілікті халықтың, әсіресе балалардың өмірі мен денсаулығының төмен деңгейі, Қорымыздың ерекше назарын осы аймаққа аударуға түрткі болды.
Облыстық орталықта Байсейітов көшесі, 84 үй мекен-жайында орналасқан
Сәби үйі – техникалық тұрғыдан қаланың ең қауіпсіз емес әлеуметтік мекемелерінің бірі. Бұл – 1956 жылы салынған каркас-қамыштан жасалған апаттық күйдегі, моральдық және физикалық тұрғыдан ескірген ғимарат. Сазбалшықпен сыланған қабырғаларды мекеме қызметкерлері жете ағартады, бірақ бұл тұрақты су өту және ішінара опырылып құлаудан қорғамайды. Ондаған рет боялған терезе жақтаулары жарылып кеткен және қысқы аяз бен жазғы аптап ыстықтан қорғамайды. Орталықтандырылған жылыту жүйесі жоқ – тат басқан шіріп біткен құбырлар бойынша жартылай қираған қазандықпен жылытылады. Міне осындай қиын жағдайларда кішкентай балалар өмір сүреді, мұнда онсыз да ата-анасы мен жақын адамдарының қолдауынан айырылған балалар өз өмірін бастайды.
2009 жылы осы ұйымның инспекциясын ұйымдастырып, «Сәби» қайырымдылық қоры ескі құрылысты жөндеудің мақсатсыздығы жөнінде қорытындыға келіп, балалар үшін жаңа қазіргі заманға сай үй салу туралы шешім қабылдады.
Қызылорда қ. Сәби үйі үшін жаңа ғимарат салу бойынша «Өркендеу» жобасы ең ауқымды, ресурс шығынды және қымбат жобаға айналды, оның жүзеге асырылуына
300 000 000 теңгеден астам қаражат жұмсалды.
Нысанның әлеуметтік маңызына қарамастан, Қордың бастамасы бірден қабылданған жоқ. Қызылорда қ. әкімдігі мен Денсаулық сақтау басқармасының мақұлдауы тек бір жылдан кейін ғана алынды. 2010 жылдың тамыз айында өзара әрекеттесу және ынтымақтастық туралы меморандум жасалды, оған сәйкес құрылыс үшін қалалық әкімшілік Байсейітов көшесі, 84 үй мекен-жайы бойынша жер телімін бөлді. «Сәби» қоры дереу ЖСҚ әзірлеуге кірісті.
Алайда төрт айдан кейін, жұмыс жобасы дайын болғанда, қала билігі шешімін өзгертіп, құрылысқа Бейбарыс н/с көшесі бойындағы басқа жер телімін ұсынды. Осы шешім жаңа инженерлік-геологиялық іздеулерді қоса алғанда, ЖСҚ 100 %-на жуық қайта жасалуына әкеп соқтырды. Осымен проблемалар аяқталған жоқ.
Жер телімінде даярлық-жоспарлау жұмыстарын орындау кезінде, топырақта қалалық сызбаларда ескерілмеген 3 коммуникация құбыры анықталды. ЖСҚ-ны 3 рет толығына жуық қайта өзгертуге мәжбүр болдық, себебі құбырлар, соның ішінде жоғары қысымды газ құбырының болуы ғимараттың тұрғызылуын бірнеше ондаған метрге тасымалдануын қажет етті.
Жобаның мемлекеттік сараптамасынан өту үрдісі де оңай болған жоқ. Мамандар көптеген ескертулер жасады. Олардың жартысына жуық турасынан айтқанда ойдан шығарылған болды. Сараптама комиссиясының қорытындысын алу үшін тоғыз қажет болды.
Бірақ енді барлық қиыншылықтар артта қалды. Қазіргі таңда қорытынды жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нысан
2013 жылдың қаңтар айында пайдалануға беріледі. Ал көктемде ағаш, гүлдер, көгал алаңын отырғызу арқылы аумақты көгалдандыру жоспарланған.
Дизайны мен сәулет құрылысынан бастап жабдықталуы мен абаттандырылуымен аяқтай отырып,
Қазақстанның әлеуметтік мекемелерінің арасында осы ғимарат жобасының баламасы жоқ. Пайдалану кезеңінде ғимаратты күтуге арналған бюджеттік қаражаттарды үнемдеу мәселелері дейін ескерілген. Бұл үлгілік ғимарат емес – біз сәбилер үшін барынша мүмкін жайлылық пен үй жағдайын құра отырып, «жауапсыздықтан» алыспыз. ЖСҚ жалпы ауданы 1717 ш.м. кірпіштен салынған 3 негізгі корпус (2 екі қабатты, 1 бір қабатты) құрылысы, отынның екі түрімен жылытылатын, автономды қазандық, қосалқы және техникалық бөлме-жайлар, үлкен жазғы павильондар құрылысы, балаларға арналған ойын алаңдарын, су бұрқағы бар және көгалдандырылған демалу аймақтарын бөлу, сплиттерлі блоктармен периметрін қоршау, барлық коммуникациялар өткізу, асфальтталған кіреберіс жолдарын және тас төселген жүргінші жолын төсеу, аумақты аймақтық және периметрлік жарықтандыру қарастырылған.
Ғимараттың іші қазіргі заманға сай, сапалы, экологиялық материалдарды қолдана отырып,
ҚНжЕ және СанЕжН барлық нормативтерін ескере отырып, өңделген. Нысанды барлық қажетті жабдықпен, жиһазбен, интерьер заттарымен жабдықтауды да, құрметті мейірбандар қаражаты есебінен «Сәби» қоры өзіне жүктеді.
Бұдан басқа, жаңа мекемеде балаларды
М. Монтессори жүйесі бойынша ерте дамыту бойынша жергілікті орталықтың ұйымдастырылуы қарастырылған. Оған РФ, Омск қаласынан арнайы жабдық пен материалдар сатып алынған, сонымен қатар Сәби үйі қызметкерлері үшін ресейлік Монтессори-Қауымдастығы оқытушысымен оқыту семинарлары өткізілген
Сөйтіп, бұл жай ғана жаңа ғимарат емес – бұл ең заманауи стандарттар бойынша салынған, сәбилер өз өмірін жылылықта, күтім мен үндестікте бастайтын мүлде басқа үй.
Сәбилер үйінің бұрынғы ғимаратының фотосуреттеріСәбилер үйінің жаңа ғимаратының фотосуреттері