Қордың жұмысына жоғары баға беру - «Сәби» қорының ұстанып отырған саясатының дұрыс екендігінің көрсеткіші

Қордың жұмысына жоғары баға беру - «Сәби» қорының ұстанып отырған саясатының дұрыс екендігінің көрсеткіші Жылдың соңы – қорытынды жасаудың дәстүрлі кезеңі: атқарылған жұмысқа талдау жүргізудің, жетістіктерін санау және кемшіліктерін қорытындылау уақыты. Сол сияқты «Сәби» қоры да жаңа жылдық мейрамдар қарсаңында өзінің жыл бойғы қызметін жеке-жеке қадам бойынша талдауда. Ал атқарылған шаруа аз емес:

2008 жылы басталып және биылғы жылы қызу түрде жалғасқан «Мүгедектерге – лайықты өмір» жобасының сәтті түрде жүзеге асырылуы еліміздің түкпір-түкпірінде тұратын мүмкіндігі шектеулі мыңдаған адамға емін-еркін қозғалуға мүмкіндік берді. Балалар әлеуметтік мекемелерінің түлектерін қоғамға ықпалдастыру жөніндегі жыл сайынғы жұмыс жаңа тармақтармен толықты: балаларға арналған психологиялық тренингілер және дайындау орталығында БҰТ-ға даярлау.

Қор қызметінің медициналық бағыты да қамқорлыққа алынған емдеу мекемелерімен жұмыс жүргізудің бірнеше елеулі кезеңдерімен толыға түсті. Ал Спорттық жоба шеңберінде үш үлкен объект салынды: спорттық объект және екі балалар ойын алаңшасы. Сонымен қатар жаңа жобалар іске қосылды: «?лем» - дарынды жастарға қолдау жасау жөніндегі бағдарлама және Қызылорда қаласындағы балалар үйіне арнап жаңа замануи ғимарат салу. Және де елеулі оқиғалар мұнымен шектелмейді.

«Сәби» Қорының сан-салалы қызметіне бізге биылғы жылы ұсынылған наградалар арқылы лайықты баға берілгені қуантады: «Мүгедектерге – лайықты өмір» жобасымен «?леуметтік маңызы бар аурулармен күреске қосқан үлесі үшін» номинациясында Алматы қаласы ?кімдігінің Жыл сайынғы «Асыл Алма» Сыйлығы, Қазақстанның барлық аймақтарында «?нватакси» қызметін дамытқаны үшін «Қол жетімді көлік» номинациясында Қазақстан Мүгедектер конфедерациясының Жыл сайынғы қоғамдық «ЖанШуақ» сыйлығы, сондай-ақ, ерекше маңызды және елеулі сыйлық – қоғамның осал топтарын қолдау ісіндегі азаматтық жауапкершілігі үшін Астана әкімінің сыйлығы. Бұл наградалар – ұйымымыздың ұстанып отырған корпоративтік саясаты мен таңдаған жұмыс бағыттарының дұрыс екендігінің белгісі.

Біздің марапаттарымыз

24.12.2010