Көктемгі оқу демалысы аяқталып, оқушылар үшін соңғы оқу тоқсаны басталуда. ?лі өзінің болашақ мамандығы туралы шешім…
Осы таяуда ғана Алматы қаласындағы №1 және №2 Балалар үйі мен Алматы облысындағы балалар үйіндегі «Сәби» Қорымен қамқорлыққа алынған тәрбиеленуші – 9 және 11 сынып оқушыларына арналған кәсіптік бағыт бойынша тестілеудің екінші (ақпан) кезеңі аяқталды. Бұл іс-шараға 57 адам қатысты.
Кәсіпті дұрыс таңдау – дербес өмір сүруге дайындалып жүрген жеткіншектің негізгі міндеті болып табылады. ?йтсе де, бүгінгі күні, бұл таңдауды жасау оңай шаруа емес екен. Өздері ұсынып отырған мамандықтар – әлеуметтік игілікке қол жеткізудің кепілі деп сендіруге тырысатын колледждер мен ЖОО-да өтетін көптеген «ашық есіктер күнінен» басқа, шұғылалы жарық, әдемі кеңседе компьютермен жұмыс істеу, жетістіктің белгісі, соған сәйкес жеткілікті өмір сүру санаты деп иландыратын ТВ-дағы жалықтыратын жарнамалар да, жастарда жаңсақ пікір пайда болуына жеткілікті «үлес» қосып жатыр. Қызметтің осындай түрлеріне таңдау жасаған болашақ мектеп бітірушілерде, бәрінен бұрын, көкейлеріндегі арманы заңгер, менеджер, экономист пен қаржыгер болумен астасып жатады.
Бірақ, Қор қызметкерлерінің көпжылдық тәжірибесі көрсетіп отырғандай, балғын жеткіншектер көп жағдайда, біріншіден, кәсіптік нарық жоғарыдағы қажет етпейтін мамандармен аузы-мұрнынан шыға толып кеткенін, ал екіншіден, жұмыс берушілер, балалар үйінің бұрынғы тәрбиеленушілерін, олардың материалдық және заңдық жауапкершілігі жеткіліксіз екендігінен қауіптеніп, жоғарыдағыдай «жайлы» жұмыстарға ықылассыз алатынын түсіне бермейді.
«Кәсіптік бағдар» бағдарламасы бойынша тестілеу, ұлдар мен қыздарға бәрінен бұрын, белгілі бір мамандықтар аясында жұмыстарды орындау үшін бірінші кезекте мінезінің ерекшелігі, қажырлылығы, бейімділігіне сәйкес, қажетті талабы мен сапасы бар білімді таңдауына көмектеседі. Бұл психологтардың пікірі бойынша, болашақ кәсіпте жетістікке жетудің негізгі кепілі болып саналады.
Көктемгі оқу демалысы аяқталып, оқушылар үшін соңғы оқу тоқсаны басталуда. ?лі өзінің болашақ мамандығы туралы шешім…
Оқушылардың болашақ мамандығын таңдауға көмектесетін кәсіби бағытта тестілеу әлемде кең қолданылады. Сондай-ақ бұндай…
Қазақстанда 2017 жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеудің өту үлгісі өзгереді. Енді ҰБТ екі кезеңде өткізіледі. Мектептерде…