«КазРосГаз»-ға рахмет!

«КазРосГаз»-ға рахмет! «Сәби» Қайырымдылық Қоры қолдауға мұтаж жандарға жәрдем беретін әрбір филантропты бағалап құрметтейді.

Бүгін біз табиғи Қазақстанның табиғи газы бен соның өнімдерінің ішкі және сыртқы нарықтағы маркетингі, соларды өңдеу, тасымалдау мен сату саласында жұмыс істейтін Қазақстан-Ресей «КазРосГаз» газ компаниясы жайлы әңгімелегіміз келеді.

«КазРосГаз» компаниясы алматылық «?нватакси» автопаркін кеңейту мақсатында арбамен қозғалатын мүгедектерді тасымалдауға арналған екі арнайы автокөлікті сатып алуға қаражат бөлумен «Сәби» Қорының «Мүгедектерге – лайықты өмір» жобасына қолдау көрсетті, бұл ерекше қиындықпен қозғалатын адамдардың әлеуметтік бейімделуін жақсарту жолындағы кезекті елеулі қадам болды.

«КазРосГаз» ЖШС коммерциялық емес жобаларға белсенді ат салысып отырады. Бұл жағдайда оның қайырымдылық және демеушілік қызметінің басты бағыттары – аз қамтылған отбасылары мен балалар үйлеріндегі балаларға, ардагерлер мен мүгедектерге көмек көрсету. Компания сонымен қатар түрлі спорт федерацияларын, командалар мен жекелеген спортшыларға қолдау жасап отырады. Рухани және ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға, мәдениетті, ғылым пен білімді дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға ерекше көңіл бөлінеді. Ал «КазРосГаз» ЖШС-ның қазақстандық және ресейлік қайырымдылық қорларымен әріптестік жасауы өзекті әлеуметтік мәселелерді тиімді түрде шешіп отыруға мүмкіндік береді.

Біз «КазРосГаз» ЖШС компаниясына көрсеткен көмегі үшін шын жүректен алғыс айтамыз!

19.01.2012
22.05.2023
"Инватакси" қызметтері…

Біздің серіктестеріміз, достарымыз және көптен бері жазылушыларымыз "Сәби" қорының маңызды жобаларының бірі –…

«Мүгедектерге – лайықты өмір»
16.11.2018
Бизнес сайсының…

«Сәби» Қоры «Өз ісіңді баста» байқауының финалистеріне гранттар ғана бөліп қана қоймай, әрқашанда оларға қодан…

«Мүгедектерге – лайықты өмір»
27.04.2018
«Мүгедектерге – лайықты…

Осы жылдар бойы «Сәби» Қоры сатып алған 62 арнайы автомобиль бүкіл Қазақстан бойынша мүмкіндіктері шектеулі адамдарды…

«Мүгедектерге – лайықты өмір»