Қазақстанның үш қаласы «инватакси» автокөлігін алды

Қазақстанның үш қаласы «инватакси» автокөлігін алды Қазақстанның үш қаласының мүгедектеріне арнап сатып алынған 6 жаңа арнайы жабдықталған автокөлігі оларға еліміздің мемлекеттік мейрамы – Тәуелсіздік күні қарсаңында жасалған сыйға айналды. Енді Көкшетау, Шымкент және Теміртау қалаларында қос-қостан Volkswagen Caddy және Volkswagen Transporter автокөліктері жүріп арбамен жүретін мүгедектерге жылдам, тегін және жайлы қозғалып отыруға көмектесуде.

Бұл оқиға қалалық қоғамдар төрағаларының «Сәби» Қайырымдылық Қорына келуіне себеп болды, мұнда машиналар мен ілеспе құжаттар солардың қолына тапсырылды. Қонақтар Қордың «Мүгедектерге – лайықты өмір» жобасы шеңберінде жүргізіп отырған жұмысы жайлы жылы лебіздерін білдірді, оның мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін маңызды екендігін айтты.

«Мүгедектерге – лайықты өмір» жобасы өз жұмысын 2008 жылдың көктемінде бастаған болатын және «Сәби» үшін ол аса елеулі жобалардың бірі болып табылады. Оның түпкілікті мақсаты – Қазақстанның барлық қалаларында «?нватакси» мамандандарылған автопарктерін құру болып табылады.


Шымкент пен Теміртау "Мүгедектер таксиі" қызметінің фотосуреттері

21.12.2010
22.05.2023
"Инватакси" қызметтері…

Біздің серіктестеріміз, достарымыз және көптен бері жазылушыларымыз "Сәби" қорының маңызды жобаларының бірі –…

«Мүгедектерге – лайықты өмір»
16.11.2018
Бизнес сайсының…

«Сәби» Қоры «Өз ісіңді баста» байқауының финалистеріне гранттар ғана бөліп қана қоймай, әрқашанда оларға қодан…

«Мүгедектерге – лайықты өмір»
27.04.2018
«Мүгедектерге – лайықты…

Осы жылдар бойы «Сәби» Қоры сатып алған 62 арнайы автомобиль бүкіл Қазақстан бойынша мүмкіндіктері шектеулі адамдарды…

«Мүгедектерге – лайықты өмір»