Брусиловский атындағы көше Алматы қаласының Алмалы ауданындағы "Тастақ" ықшамауданының орталығы арқылы солтүстіктен…
Алматыда Тимирязев көшесі 60-70 жылдары қалыптасты. Ол көше Бостандық ауданында орналасқан, Желтоқасан көшесінен басталып Жандосов көшесіне дейін жалғасады, Гагарин даңғылымен, Байтұрсынов, ?уезов, Жароков, Радостовец (бұрынғы атауы - Морис Торез) және Розыбакиев көшелерімен қиылысады.
Климент Аркадьевич Тимирязев (1843 – 1920)
Көше, орыс табиғат зерттеушісі, өсімдік физиологиясы кеңес мектебінің негізін қалаушысы, жарықтың қанығу құбылысын – фотосинтезді ашқан ғалым Тимирязев Клименттің құрметіне аталған.Ол көшеде, ерекше көрік беретін Қазақстан ғылым академиясының өсімдіктану институтының басты ботаника бағы орналасқан.
Климент Аркадьевич Тимирязев 1843 жылы 3 маусымда Петербург қаласының ақсүйектер отбасында дүниеге келген. Алғашқы білімін үйде алды. 1866 жылы Санкт-Петербург Универститетінің жаратылыстану факультетін озат бітірді.
Тимирязевтің дүниеге деген көзқарасының қалыптасуына А.Герценнің , Н.Чернышевскидің философиялық көзқарасы, Д.Менделеевтің , ?.Сеченовтің, әсіресе Ч.Дарвиннің еңбектері ықпал болды. Студент кезінде Климент «Гарибальди на Капрере», «Ланкаширдегі ашаршылық», «Книга Дарвиннің кітабы, оның сынаушылары және түсініктемешілері» атты дарвинизм туралы және әлеуметтік – саяси бірнеше мақалалар жариялады.
1868 жылы Тимирязев проффесорлық атағына дайындалу үшін беделді физиктер, химиктер, физиологтардың және ботаниктердің лабораториясында жұмыс істеу үшін іс сапармен шетелге аттанды. Климент өзінің ұстазы ретінде санаған Буссенгомен жасаған жұмысына ерекше мән берді.
Ресейге қайтып келгеннен кейін Тимирязев магистірлік диссертациясын қорғап Мәскеудің Петровский ауылшаруашылық академиясының проффесоры болып тағайындалып, ботаниканың барлық бөлімдері бойынша дәріс оқыды. Сол жылдары Климент Мәскеу университетінің өсімдіктердің анатомиясы және физиологиясы кафедрасында қыздардың «ұжымдық курстарында» сабақ берді. Сонымен қатар университет жанындағы ботаника бөліміндегі жаратылыстану әуеқойлар Қоғамының төрағасы болды.
Ғылыми қызметінің алғашқы кезінен бастап жас ғалым алдына қойған екі мақсатын: «Ғылым үшін жұмыс істеу және халық үшін жазу», үлкен табыспен атқарды. Дарвиннің ілімдерімен баяндалған Тимирязевтің студент кезінде жазылған «Чарльз Дарвин және оның ілімдері» атты алғашқы атақты кітабы қазіргі кездеде ескірмеген, ал оның (1878) «Өсімдіктердің өмірі» атты кітабы 20 реттен аса қайта басылымға шығарылып Ресейде және шетелдерде өзіне деген үлкен назар аударды.
Тимирязев фотосинтез құбылысын зерттеп орыс өсімдік физиология мектебісінің қалаушыларының бірі болды, соған арнайы ол әдістемелер мен аспаптар дайындады. Агрохимиямен қатар өсімдіктердің физиологиясында ғалым тиімді егін шаруашылығын негізін көрді. Ол Ресейде жасанды жерде өсімдіктердің дақылдарын сынауды енгізген бірінші адам. Сол мақсатпен алғашқы жылыжай 1870 жылдарының басында Петровский академиясында орналастырылды.
Тимирязев 1917 жылы Қазан төңкерісіндегі жеңісті қолдаған үлкен ғалымдардың бірі болды. 1920 жылы «Ғылым және демократия» атты мақалалар жинағы жарыққа шықты. Соңғы 10 жылда денсаулығына байланысты сабақ беруге шамасы келмеді, бірақта әдеби – жариялық істермен айналысуды жалғастырды, сонымен қатар РКСФРдің Халық ағарту коммисариатының және Социалистік қоғамдық ғылыми академиясының жұмысына қатысты, Мәскеу кеңесінің депутаты ретінде тағайындалды.
Тимирязев Лондонның корольдік қоғамының мүшесі, Глазго, Кембридж, және Женева университтерінің құрметті докторы болды, Эдинбург ботаникалық қоғамының және РҒА (Ресей ғылым академиясы) корреспондент мүшесі болды, оған қоса көптеген шетел және отандық университеттердің және ғылыми қоғамдардың құрметті мүшесі болды. Ол сансыз мақалалардың, кітаптардың және биографиялық очерктердің авторы.
Ұлы ғалым Климент Аркадьевич Тимирязев 1920 жылы 28 сәуірде Мәскеу қаласында өмірден өтті. Ваганьковски зиратында жерленді.
Брусиловский атындағы көше Алматы қаласының Алмалы ауданындағы "Тастақ" ықшамауданының орталығы арқылы солтүстіктен…
Ұзындығы 1 километрге жетпейтін Жолдасбеков көшесі ?ль-Фарабидің даңғылының солтүстігінде Достык даңғылымен Фурманов…
2003 жылы жергілікті маслихаттың шешімімен Алматы қаласының көшелерінің бірі халық жазушысы Дмитрий Снегиннің құрметіне…