Атырау облысының балаларына интерактивті панельдер сыйға берілді Биылғы су тасқыны Қазақстан тарихындағы ең жойқын…
Бір жылдан аса уақыт бұрын Жадыра Түлкина өзінің жұбайымен бірге қала әбігерлігінен кетіп, Қарағандының маңында өздерінің шаруашылығымен айналыса бастады. Бар техниканы, меншікті және қарыз қаражатын жинап, ауыл шаруашылығын құруға кірісіп кетті. «Өз биснесіңізді құрыңыз» байқауында алған гранттың арқасында олардың шаруашылығы биыл алғашқы өнім жинап, меншікті өндіріс базасын салуда, жаңа жұмыс орындарын ашып, Қарағанды облысының Жартас шағын кентіндегі өмір сапасын жақсартамыз деп үміттенуде. Бұл іскер жұптың қандай жетістіктерге қол жеткізгендері туралы толығырақ осы материалдан оқыңыз.
Шаруашылықтың құрылуы туралы
Бұрын жұбайым «Астра» компаниясының коммерциялық директоры болған. Ол өңірдегі тұқым бағытындағы үлкен ауыл-шаруашылық кәсіпорын. Компанияның жарнашылармен белгілі бір қиындықтары болды, сондықтан ол ол жерден кетіп қалды. Содан кейін ол серіктесімен агрономиямен айналыса бастады. Оған бұл ісі ұнады. Сөйтіп жер мен қолданылған техника сатып алуды ұйғарды. Бұл жұмыспен біраз айналысып көрді де, әрі қарай да істей беруге болатын жақсы іс екенін түсінді. Кеңею үшін жергілікті атқарушы органдарға жүгінді, өйткені мұндай жобадан пайда табу үшін жердің барынша көп болғаны жақсы, тым болмағанда 100 гектар. Олай етуге заңнама мүмкіндік береді.
Осы кездері жер демалу үшін жұмыста үзіліс болды. Тура сол уақытта танысып, үйлендік. Содан кейін жұбайыммен Қарағандыда тұрдым, ол қалада, ал мен Kcell компаниясында істедім. Алайда өзіміздің ісімізбен айналысқымыз келді. Қалада қол қусырып отырмай, бір нәрсе істеу керек болды. Ұзақ ойланып, қолда бар жерді пайдаланып қалайық дедік. Жеке меншігімізде 40 гектар жер, белгілі бір техникамыз болды. Өз ісімізді бастап, Қарағандыдан Абай ауданындағы Жартас кентіне көшуді ұйғардық. Жоба үшін алғашқы 15 миллионды агро-кредиттік ұйымнан алдық. Бастапқыда қажетті шөп шабатын техника сатып алдық. Шөп жетеді, сондықтан ферма жасап, мал шаруашылығымен айналысқанымыз да артық етпейді деп шештік.
Шағын шаруашылықтан бастадық. ?леуеттің бар екенін көрдік, жобаны дамытуға дайын жас жігіттер де табыла кетті.
Халық шаруашылығы туралы
Бізбен істейтін кісілер жобаға өздерінің жер телімдерімен бірге кірді. Бірақ оларды біреулер ауыл шаруашылық-өндірістік кооперативке кіргендіктен, жерлеріңнен айырылып қалуларың мүмкін деп қорқытыпты. Біз оларға сіздер тек қана жарнашылар болып табыласыздар, ешкім де жерлерін тартып алғалы жатпағанын түсіндірдік. Біз бір қожалық құрып, осы жерде бірге еңбек етудеміз.
Қазір біз алты шаруа қожалығына көмектесіп жүрміз, олардың шөбін шауып, баспақтаймыз, шығарамыз. Қожалықтардың әрқайсысымен шарт жасастық. Бір бөлігін қожалық алады, екінші бөлігін біз аламыз. Қожалықтар біздің жарнашылар болған күнде де солай болар еді. Яғни бұл қағидат іске асып жатыр, бірақ мұның бәрін заңды түрде ресімдеген қиынға түсті. Жазғы маусымда бізбен көптеген жергілікті жастар еңбек етті, қазір олардың біразы әскерге, тағы басқа жерлерге кетті. Алайда болашақта қожалыққа ресми түрде жұмысқа орналасу олардың ойларында бар. Жастар жермен жұмыс істегісі келеді, кедергі болып тұрған техниканың көп еместігі, сондықтан үздіксіз жұмыс істеуге мүмкіндік болмай тұр. Техниканың қажетті көлемі болғанда жастар біздің қожалығымыздан тұрақты жұмыс көлемін ала алады.
Жақсы кадрлар ауылда қазір сұранысқа ие. Бірақ олардың қалыпты, тұрақты, толыққанды жұмыс істеуіне мүмкіндік жасау керек. Сонда жастар ешқандай кетпей, ауылда қалады.
Алғашқы өнім туралы
Қаражат жиі жетпей жүрді, сондықтан «Өз бизнесіңді құр» байқауында грант ұтып алғанымыз жұмысқа қозғау салып, оптимисттік көзқарасымызды күшейтті. Жер демалған, құнарлы, өнім жақсы болуы тиіс. Қаражатымыз жеткенше жерді егіп тастадық. Жиынтығында 24 гектар картоп ектік, енді жинау науқанына дайындық үстіндеміз. Өнім жақсы болады деп үміттенеміз. Бұл біздің алғашқы өніміміз.
Жерді өнім егуге дайындау қажет болды. Қажетті техника ол кезде болмады, оны жалға алдық. Картоп тұқымын сатып алып, отырғыздық. Сосын су құю маусымы басталды, ал біздің су сепкіш машинамыз да жоқ. Су сепкіш машинаны 2 миллион теңгеге сатып алуға тура келді. Сондықтан грантымыздың көбісі қажетті техника, тұқым сатып алуға және техника иелерінің қызметтерін төлеуге кетті.
Осы уақытта шөп шабу маусымы да басталып кетті, механизаторларымыз онда да, басқа жерде де жұмыс істеді. Биыл өзіміздің базамызды салуды бастадық, іргетасын құйып қойдық, құрылысты келесі жылы жалғастырамыз.
«Өз бизнесіңді құр» байқауына қатысу туралы
Жаңа жылдың алдында мен Қарағандыда болатынмын. Бір күні Instagram парақтарын ақтарып отырғанымда «Өз бизнесіңді құр» байқауы туралы мәлімет шыға келді. Оқып шығып, жұбайыма жеткіздім, қатысуға ұсыныс жасадым. Өзіміз де көктемгі дала жұмыстарына кредит алсақ па деп жүргенбіз. Бейнеролик жасап, байқауға қатысуды ұйғардық. Сенімімізді жоғалтпадық. Сөйтіп байқаудың келесі кезеңіне өттіп, бизнес-жоспарымызды дайындадық.
Жобамды қорғаған кезімде ұйымдастырушылар техникасыз бұл жерде қиын екендігін естіген шығар. Жалға алсақ, көп ақша кетеді, ол өнімнің өзіндік құнына әсер етеді. Мысалы, картоп, өз техникаңды қолданатын болсаң, қымбатқа түспейді. Егістіктен картопты 35 теңгеден алып кетіп жатса, базарда оның килограммы 200-250 теңге. Бүкіл маржа делдалға түседі.
Алғашқы нәтижелер мен болашаққа жоспарлар құру туралы
Біз 24 гектар картоп өсіріп, шөп шаптық. Шөптің жартысын сатып та үлгердік. Қазір біз картоп қазатын техника іздестіріп жүрміз. Жалға алайық десек, бұрын қолданыста болған комбайн қанша тұрса, сонша сұрайды. Картоп жинайтын адамдар іздеудеміз, 20-ға жуық адам керек. Тұқымды да келесі маусымға дайындап қоюымыз керек. Өнімді ойдағыдай сатып бітеміз деген үміттеміз. Бүкіл табысты жаңа техника сатып алуға жұмсаймыз деп отырмыз.
Бізге берген гранты үшін «Сәби» қорына ризашылығымызды білдіреміз. Біз үшін бұл үлкен ілгерілеу болды. Грантсыз жағдайымыз қалай болар еді білмеймін. Ендігі мақсатымыз – осы қаражатты көбейту. Біз өңірде өзінің базасы, техникасы, жер телімі, ірі қара малы бар толыққанды ауыл шаруашылық кәсіпорын құрғымыз келеді. Жергілікті тұрғындардың жермен жұмыс істеуге қызығушылықтарын оятып, оларды осы кәсіппен айналысуға тартуымыз керек.
Атырау облысының балаларына интерактивті панельдер сыйға берілді Биылғы су тасқыны Қазақстан тарихындағы ең жойқын…
Әсел Тасмағамбетова мен Кеңес Рақышевтің "Сәби" қайырымдылық қоры Астана қаласына дарынды балаларға арналған мектеп…
Бүгін біз сіздермен Семей қаласының шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесіне арнап "Сәби" қоры сатып алған жаңа…