Достар, біз сіздердің қолдауларыңыз бен қамқорлықтарыңыздың арқасында көрсеткен атаулы көмек туралы есеппен бөліскіміз…
Тағдырдың салған ауыр сынақтарымен бетпе-бет кездескен, Никита Базолев пен оның әжесiне «Сәби» Қоры сегіз жыл бойы қол ұшын тигізіп жүр. Сайтымыздың беттерінде біз бұл кісілердің басына түскен ауыртпашылықтары туралы бiрнеше рет айтып өткенбіз.
Шағын ғана Базолевтер тату жанұясымен жыл сайын көріскен кезде, олардың құдыретті рухына шын көңілмен бас иеміз. Никитаға жолыққанда, біз оның серуендеп жүрген жерінен, ал үй иесі – әжесін, күнделік үй тіршілігінің айналысында таптық. Жалғыз немересінің арқауы - деген ұғыну Лидия Александровнаға күш-қуат береді: жасы сексеннен асқан үлкен кісі қан қысымының артуына қарамасатан өзін-өзі белсенді ұстан жүр.
Қамқорлығымыздағы адамдарға, өткен жылдар сияқты біз бірнеше айға жететін дәрі-дәрмек сатып алуға қажетті қаржы сомасын және азық-түлік беріп жібердік. Бұл азын-аулақ көмек Базолевтердің мұқтаждығын уақытша болса да, сездірмеуге мүмкіндік береді.
Достар, біз сіздердің қолдауларыңыз бен қамқорлықтарыңыздың арқасында көрсеткен атаулы көмек туралы есеппен бөліскіміз…
"Сәби" Қоры өзінің медициналық жобасы шеңберінде Түркістан қаласындағы "Үміт ұясы" оңалту орталығына арнап…
Негізгі жобалар мен мақсаттардан бөлек, біздің Қор өмірлік қиын жағдайға тап болған - ауыр сырқаттар мен мүгедектікке…